Previous Page  13 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 13 / 200 Next Page
Page Background

13

Қасиетті мәуліт

«Біз сені бүкіл әлемге рақым

етіп қана жібердік»

(«Әнбия» сүресі, 106)

Нұрлы таң

Мәуліт – ақырғы пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.с.)

дүниеге келген күні. Ол адамзат тарихының даму

бағытын күрт өзгертіп, қоғамдық салада тірі жанның

санасына кіріп те шықпаған теңдессіз рухани төңкеріс

жасады. Қалың бұқараның ой-санасын ақиқатқа жете-

леп, жүректерде мейірім мен рақым шырағын жақты.

Соңғы пайғамбар келер шақта араб түбегі ғана

емес, күллі адамзат ең ауыр кезеңдерді бастан кешуде

еді. Жер жүзі халықтары наным-сенім тұрғысынан

кереғар таптар мен топтарға бөлініп, жік-жікке ыдырап

жатты. Адамгершілік құндылықтар мен қадір-қасиет

атаулы аяқасты етіліп, күштілер әлсіздерге тізе баты-

рып, табанға салып езуде болатын.

Византия, Рим,Үндістан,Месопотамия,Мысыр,Қытай

сияқты көне мәдениет ошақтарының өзінде қоғамдық-діни

ахуалдың аса мүшкіл болғанын діндер тарихы да растай-

ды

1

. Міне, осындай қараңғы дәуірде Аллаһ тағала өзінің

1

М. Хамидуллаһ, Ислам пейгамбери, ауд. М. Язган, Стамбул,

2004, 29-33-б.