Previous Page  11 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 11 / 200 Next Page
Page Background

11

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Тәлімгер (с.а.с.) оларға:

«Мұсылман – мұсылманның

бауыры. Шынайы мұсылман бауырына опасыздық

жасамайды, оған өтірік айтып алдамайды және

тарыққанда қолдаусыз қалдырмайды. Мұсылманның

ар-намысы, дүние-мүлкі мен қаны өзге мұсылмандарға

харам» – дегеннен кейін, қолымен көкірегін нұсқап:

«Міне, тақуалық мына жерде. Мұсылман үшін

мұсылман бауырын өзінен төмен санап, менсінбеуден

өткен жаман (қылық) жоқ»,

– деп үйреткен

. (Тирми-

зи, Бирр, 18)

Ислам діні келмей тұрып та атақ-абыройы

шалқып-тасыған хазірет Омардың өзі мұсылмандықты

қабылдаған соң, қара нәсілді Біләл үшін «мырза-

мыз Біләл» деп тіл қататын. Пайғамбарымыз да

әрбір сахабаның ерекше қасиетін айтып, олардың

әрқайсының қоғамда өз орны бар екенін еске салып

жүретін. Сахабалардың арасында түр-әлпеті келіспеген

Захир деген кісі бар еді. Алайда Пайғамбарымыз (с.а.с.)

оны жақсы көретін. Бір күні Аллаһ елшісі (с.а.с.) оны

базарда көріп қалады. Арт жағынан құшақтай келіп,

көзін екі қолымен жабады да: «Құл сатамын, кім

алады?» – деп дауыстайды. Пайғамбарымызды көрген

мұсылмандар олардың айналасына жиналып қалған еді.

Аллаһ елшісін (с.а.с.) дауысынан таныған Захир: «Уа,

Расулаллаһ, мен секілді сұрқы келіспеген адамды бір

тиынға да ешкім алмас», – дейді бәсең дауыспен. Сонда

Аллаһ елшісі (с.а.с.) бәрінің көз алдында: «Жоқ, Захир,

олай емес. Сен Аллаһтың алдында өте қадірлісің»,

– дейді. Захирдің төбесі көкке жеткендей болады.

Мұндай сөзді пайғамбарлар Падишасының аузынан

есту кім үшін болса да үлкен бақыт емес пе?! Осыдан

кейін Захир адамдардың арасында еңсесі түспей,