7
Кіріспе
Ислам дінінің жер бетіне жайылуы – адам-
зат тарихында үлкен өзгерістерге жол ашқан ірі
құбылыстың бірі. Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) – адам
баласына жол көрсетуші соңғы пайғамбар. Ол –
мейірімділік, жомарттық, кішіпейілділік, туралық,
әділдік, сыпайылық, әдептілік, сенімділік және басқа
да игі қасиеттерді бойына жинақтай отырып, өнеге
мектебін қалыптастырды. Өмірінің соңына дейін
адами ұстанымдарында ешқандай да ауытқу болған
емес. Әрдайым сөзін ісімен дәлелдей білген. Бұған
тарих куә.
Тіпті хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) теңдессіз мінез-
құлқын өздеріне үлгі еткен жандардың да адамгершілік
биігіне көтерілгені белгілі. Сүннетін ұстанып, жолына
ілескендер абайсызда жолдағы құмырсқаны басып
кетсе, іштей мұңаятын тақуа жандарға айналды.
Ұлағатты Ұстаздың (с.а.с.) жетілдірген шәкірттері
қатарында сахабаларымен қатар кейінгі сансыз
әулиелер мен үмбеттің шамшырағына айналған
ғұламаларды атай аламыз. Осының өзі Мұхаммед
пайғамбардың (с.а.с.) өнегелі мектебінің өміршеңдігін
көрсетуде. Әрі сүннет жолы адамзатты адамдық
асқарына шығаратынын дәлелдейді.
Дәл қазіргі уақытта әлем осындай жолды іздеп шарқ
ұруда. Жүрегінде жауапкершілік сезімі бар әрбір ата-
ана мына қиын-қыстау заманда ұрпағымның адамдық