9
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
Жәрдем керек болса, оны да жалғыз Аллаһтан сұра.
Біліп қой: бүкіл адамзат жиналып, сен үшін қандай
да бір пайда келтірмек болса, Аллаһтың маңдайыңа
жазғанынан артық пайда тигізе алмайды. Сондай-
ақ, күллі адамзат баласы жиналып, саған қандай да
бір зиян тигіземіз десе, Аллаһтың жазғанынан артық
зәредей де зиян тигізе алмайды. Өйткені, (адамның
тағдырын жазатын) қаламдар әлдеқашан тоқтап,
парақтардағы сия да кеуіп қалған», – деп айтты», –
деген.
(Тирмизи, қияма 59)
Адам баласы өзін қоршаған ортасы арқылы да
бақытты сезінеді. «Бақыт ғасырында» қоғам осыған
негізделген еді. Ауқаттылары кедейлерін бауырына
басып, оларға қамқор болды. Әзірет Әнәстің риуаяты
бойынша, Әбу Талха Мәдиналық мұсылмандардың
арасында ең үлкен құрма бағына ие еді. Алайда оның
ішінде Бәйруһа деп аталатын бақты өзгеше ұнататын.
Құрма бағы мешіттің дәл іргесінде еді. Кейде Аллаһ
елшісі сол баққа соғып, бұлақтан су ішетін.
«Сүйген
нәрселеріңді (дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім
т.б.) Аллаһ жолында жұмсамайынша, шынайы
түрде игілікке қол жеткізе алмайсыңдар»
(«Әли
Имран» сүресі, 92-аят) деген аят түскен кезде, Әбу
Талха келіп: «Уа, Расулаллаһ! Аллаһ тағала: «Сүйген
нәрселеріңді дін жолында жұмсамайынша шынайы
түрде игілікке қол жеткізе алмайсыңдар», – дейді.
Дүние-мүлкімнің арасынан Бәйруһа бағын жаныма
жақын көруші едім. Оны енді дін жолында жұмсағым
келеді. Аллаһ тағала менің бұл садақамды қабыл етер
деген үмітім бар», – дейді. Содан соң аз-кем тыныс
алып: «Уа, Расулаллаһ! Ол бақты Аллаһтың қалауы
бойынша жұмса», – дейді. Бұған риза болған Аллаһ