4
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
зерттеу мен дәлелдеулер. Сүннеттің Құран кәрімдегі
дәлелдері, сүннеттегі дәлелдері, сахабалардың
сүннетпен өмір сүрудегі ерекше ыждағаттылығы
және бүкіл іс-амалдың Құранда болмауы тәрізді терең
ізденісті қажет ететін еңбектерге қалам тартқан.
Әрине, Ғаламның рақым нұры жайында сөз
қозғалған соң оның құлшылығы туралы жақ ашпау
орынсыз. Бұл кітапта былайша көркем беріледі:
«Аллаһ елшісі (с.а.с.) түнде Айша анамыздан (р.а.)
рұқсат сұрап, көз жасын көлдете тұрып намаз оқитын.
Сондай кездердің бірінде жан жары, мұсылмандардың
анасы Айша одан: «Аллаһ тағала сіздің өткен және
болашақтағы күнәларыңызды кешірді. Неге өзіңізді
сонша қинайсыз?» – деп сұрағанда, «Осыншама
игілікке бөлеген Аллаһқа қалайша шүкіршілік еткен
құл болмайын?!» – деген еді. Жаны қатты қиналған
кезде Біләлға: «Әй, Біләл, азан шақырып, жаны-
мызды бір жадыратшы» – дейтін. Ибн Мәсғұд (р.а.)
секілді атақты сахаба бірде оған ұйып намаз оқиды.
Пайғамбарымыздың намазды ұзақ оқығаны соншалық
– Ибн Мәсғұд шыдай алмай, намазын бұзып кеткісі
келген-ді. Тіпті жарық дүниемен қош айтысар кездегі
ең соңғы айтқан өсиеттерінің бірі де намаз еді...
Расулаллаһтың хадисі мен сүннеттерінің мұсылман
өміріндегі маңызын, хадистердің біздің заманымызға
бұрмаланбай жетуінің сырларын екшелеп, кеңінен
түсіндіреді. Пайғамбарымыздың мүбәрак аузы-
нан төгілген әрбір хадис тұтас том-том кітаптардың
жүгін арқалайды. Кітапта, сонымен қатар, ата-ананың
қадірі және сыртқы кескін-келбетіне тәуелсіз шынайы
тақуалықтың жүректен көрініс табатындығы жайлы
жүрек тебірентерлік оқиғалар баяндалады.