Previous Page  8 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 8 / 200 Next Page
Page Background

8

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

болмысын қайтсем сақтап қалам деп шырылдап жатқан

жоқ па? Бақытқа ұмтылған қаншама бозбала мен бой-

жеткен, жылтыраған жарыққа ұмтылған көзсіз көбелек

тәрізді, өмірдің әсіре қызылына алданып, бақытты

жаңылыс жерден іздеп, жамандыққа ұрынып қалып

жатқан жоқ па? Сондықтан рухани құндылықтар аяқ

асты етілген бүгінгі XXI ғасырда, әлем Аллаһ елшісін

(с.а.с.) танып, сүннетін ұстануға аса мұқтаж деп айта

аламыз. Өйткені, қанша жерден ғылым дамып, техника

шарықтаса да адамзат өз бақытын әлі таба алмай шарқ

ұруда.

«Жүректер Аллаһты еске алумен ғана жай

табады»

(«Рағд» сүресі, 28-аят ) – дейді Құран кәрім.

Иә, бақыттың кілтін Ислам дінінен табамыз. Хазірет

Мұхаммед (с.а.с.) – әлемдегі ең бақытты жан. Тіпті

оның өмір сүрген ғасыры да тарихта «бақытты ғасыр»

деп аталды. Себебі оның қатарына қосылғандар да

бақыт шуағына кенелді. Ол ғасырда жүректер «Аллаһ»

деп соқты. «Аллаһ» деп соққан жүректер ешқандай

қиыншылықтан қорықпады. Ішкі сенімдері өмірдің

әр сәтінде серіктеріне айналды. Құранның аятында

айтылған

«(Аллаһтың достары үшін) ешбір қауіп-

қатер, уайым-қайғы жоқ»

(Бақара сүресі, 62-аят)

деген ақиқатты жан-тәнімен сезінді. Пайғамбарымыз

да (с.а.с.) сахабаларына бір хадисінде былай деп

үйреткен еді: (хадисті Ибн Аббас (р.а.) жеткізген)

«Бірде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) соңынан еріп келе

жатқанымда: «Әй, бала! Саған біраз ақыл айтайын:

Аллаһтың хақысын сақтағын. Сонда Аллаһ тағала

да сені сақтайды. Еш уақытта Аллаһты жадыңнан

шығарма. Сонда Ол да (қиын сәттерде) қасыңнан

табылады. Қалауың болса, тек Аллаһтан тіле.