Previous Page  12 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 12 / 200 Next Page
Page Background

12

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

олармен өзін тең сезініп жүретін, ал басқаларының

оған деген құрметі бұрынғысынан да арта түскен

еді. Міне, «бақыт ғасыры» осындай жақсылықтарға

толы ғасыр еді. Әрі оның «бақыт ғасыры» атануына

Пайғамбарымыздың сол ғасырда өмір сүруі де тікелей

әсер етті. Әрине, Аллаһтың сүйіктісі (с.а.с.) қай жерде

болса, сол жердің бәрі шуақтанатын. Сол ғасыр да,

ол өмір сүрген жер де, ол арасында жүрген қоғам да.

Сондықтан біз Пайғамбарымызды (с.а.с.) өмірде үлгі

тұтсақ арадан қанша ғасыр өткеніне қарамастан, біз де

бақытты болар едік. Тек бұл дүниеде ғана емес, арғы

дүние де! Ал сүннеті өмірімізге, үйімізге енгізудің

сыры – хазірет Мұхаммедті (с.а.с.) жақсы танып,

сүннеттерінің мәнін түсіне білу. Қолыңыздағы кітап

осы мақсатпен дайындалды. Аллаһ елшісін (с.а.с.)

қоғамымызға бір қырынан болса да танытуды ниет

еттік. Ұлы Жаратушы Иеміз бәрімізді ниетімізге

жеткізсін! Барлық мақтауды он сегіз мың ғаламның

иесі Аллаһ тағалаға жаудырып, сансыз салауатты

пайғамбарлар төресі Мұхаммед Мұстафаға (с.а.с.) ар-

наймыз!

Алау Әділбаев,

Шәмшат Әділбаева