Previous Page  14 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 14 / 200 Next Page
Page Background

14

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

сүйікті құлы Мұхаммедке (с.а.с.) пайғамбарлық міндетті

жүктеді. Қайырым мен мейірбандылықтың, адамгершілік

пен парасаттылықтың, ізгілік пен көркем мінез-құлықтың

саф үлгісін паш етсін деп, Оны күллі әлемге рақым нұры,

мейірім жаршысы етіп жіберді.

«...571 жыл. Көкек айының 20-сы (ай күнтізбесі

бойынша, рәби’ул-әууәл айының 12-түні).

Меккенің қарапайым отбасыларының бірі…

Дүйсенбінің арайлы таңы атуға жақын, сәресі уақыты.

Әлден уақытта осынау береке тұнған ғажайып үйде

қайталанбас керемет оқиға болды: екі дүниенің төресі

– хазірет Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәллам)

дүние есігін айқара ашты! Жаратылыстың түп мәнін

ұқтыру міндетін мойнына алған Екі жаһан мырзасы

туылғанда, әлемде әдеттен тыс құбылыстар байқалды...

Бір ерекше жұлдыз туды

Яһудилер (еврейлер) арасында ілімі күшті

ғалымдар көп еді. Олар ірі оқиғаларды күні бұрыннан

болжап отыратын. Қасиетті кітаптарына үңіліп, соңғы

пайғамбардың келетіні жөніндегі мағлұматтарды да

әлдеқашан зерделеп көкейге түйіп қойған-ды. Келетін

пайғамбардың ерекше белгілерін де ішінара білетін. Бір

ғана білмейтіндері – ақырзаман пайғамбарының қашан

туылатындығы еді.

Еврей ғалымдары Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.)

туылған сәттегі табиғат құбылыстарын, аспанда

ерекше жұлдыздың пайда болуын үлкен мәнге балап,

өте бір қырағылықпен күтетін.

Мәшһүр шайыр Хассан ибн Сабит бұл жайтты

былай деп еске алады: