Previous Page  17 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 17 / 200 Next Page
Page Background

17

Сүйіншіленген пайғамбар

Таурат пен Інжілдегі куәліктер

Құранға дейін түскен қасиетті Тәурат, Забур, Інжіл

кітаптары адамдар тарапынан қанша бұрмаланып

өзгертілсе де

2

, олардан бетінен соңғы Пайғамбардың

келетіні жайлы ашық немесе тұспалды аяттарды

кездестіруге болады.

Барша пайғамбарлар өз міндеттерін толық атқарып,

өздерінен кейін ең соңғы пайғамбардың келетін ха-

2

Бұған қазігі таңдағы яһуди және христиан діні мен

мәзһәбтарының тарихы куә. Яһудилердің көпшілігі Тәуратты

Жаратушының сөзі деп емес, мәдени мұрасы ретінде

қарастырады. Ал христиан әлемінде болса, төрт шіркеудің

қабылдаған төрт Інжілі (Матта, Лука, Юганна, Маркос) бар.

Бұл ресми Інжілдердің тысында христиандардың апокриф

(бұзылған) деп қабылдаған Інжілдері де бар. Солардың

арасында Барнаба Інжілі Ислам көзқарастарына өте жақын.

Ғасырымызда табылып жатқан жүздеген ескі Інжілдер қазір

христиан әлемін тығырыққа тіреуде. Қасиетті кітаптардың

өзгертілгеніне дәлел ретінде көптеген Құран аяттарымен

қатар еврей және христиан дін адамдарының арасындағы

пікірталастарды көптеп келтіруге болады. Сонымен қатар

кезінде христиан болып кейін Исламды қабылдаған М.

Букайльдің, «Библия и Куран в свете науки», Д. Бенжаминнің

«Muhammed in the Bible», Абдуллаһ ибн Абдуллаһ Тәржуман

Моиоркидің «Тухфәтул әриб фи рәдди ала әһли ас-салиб»

кітаптарында көптеген құнды мәліметтер табуға болады.

Сонымен қатар, А. Дидаттың да еңбектерін атай кеткен жөн.