Previous Page  20 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 20 / 200 Next Page
Page Background

20

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

وَإِذْ قَالَ عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ يَا بَنِي إِسْرَائِيلَ إِنِّي رَسُولُ اللِّ إِلَيْكُم

ٌمّصَدِّقاً لِّمَا بَيْنَ يَدَيّ مِنَ التّوْرَاةِ وَمُبَشِّراً بِرَسُولٍ يَأْتِي مِن

بَعْدِي اسْمُهُ أَحْمَدُ فَلَمّا جَاءهُم بِالْبَيِّنَاتِ قَالُوا هَذَا سِحْرٌ مّبِين

«Сол уақытта Мәриямұлы Иса: «Ей, Израил

ұрпақтары! Шын мәнінде, мен сендерге жіберілген

Аллаһтың елшісімін, менен бұрын келген Тәуратты

растаушы және сендерді менен кейін келетін «Ахмед»

атты пайғамбармен сүйіншілеймін» деген еді. Бірақ

(айтылған) Пайғамбар оларға айқын дәлелдермен

келген кезде: «Бұл ап-айқын сиқыршы» деді»

6

деп

хабар берсе, Таурат пен Інжілде бұны растайтын көптеген

дәлелдерді көруге болады.

Негізінде Грек тіліндегі Юганна Інжіліндегі

«Paracletos» сөзі хазіретИсаның сөйлеген арамей тіліндегі

Химда немесе Хәмида сөзінің грекше аударылған түрі

7

.

Сонымен қатар, Фарақлит – «хақ пен жалғанның ара

жігін ажыратушы» деген мағынаны да береді. Аллаһ

елшісі (с.а.с.) адамдардың тура жолға түсуі үшін аянбай

күресіп ақиқат пен жалғанды бір-бірінен ажыратты.

Осылайша хазірет Исаның хабар беріп, сүйіншілеген

Фарақлиті – Аллаһтың ақырғы елшісі хазірет Мұхаммед

(с.а.с.) болды.

6

«Сафф» сүресі, 6

7

Д. Бенджамин. Muhammed in the Bible, Түрікше аудармасы,

(Абдулаһад Давуд – автордың мұсылман болғаннан кейінгі

алған аты), Теаврат ве Инжиле гөре Хз. Мухаммед (а.с.),

аударған Н. Чам, Измир, 1992, 22-25-б.