Previous Page  25 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 25 / 200 Next Page
Page Background

25

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Інжіл сөздіктерімен қоса логиканы оқып, игереді.

Содан кейін Каталония аймағындағы христиандардың

орталығы саналған Лареде діни білімін шыңдайды. Сол

жерде танылып, Інжілден сабақ бере бастайды. Кейін

Нәбунә қаласына кетеді. Ол жерде христиандардың

арасында «Никола және Мертил» ретінде аты шыққан

дінбасының шіркеуіне барып, ілім алады. Ұстазы оны

жақсы көріп, сеніміне әбден кіргені сонша – өзінің

арнайы бір бөлмесінің тысындағы барлық жердің

кілтін тапсырып қоятын.

Күндердің бір күні ұстазы ауырып қалып, сабақты

өзі өткізуіне тура келеді. Сабақтың үстінде шәкірттер

арасында Інжілдегі Иса пайғамбардан кейін келетін

«Парақлит» мәселесінде пікірталас туындап, әркім

әртүрлі пікірді айтып жатады. Абдуллаһ та өз білген

пікірін айтып, шәкірттер ортақ тұжырымға келе алмай

тарқасады. Сабақ аяқтала салысымен, ол мәселенің

төркінін білу үшін ұстазының үйіне тартады. Әбден

қартайған ұстазы, көз жасына булыға отырып,

шындықты баяндап, Інжілде баяндалған ол тұлғаның

мұсылмандар сенетін Мұхаммед пайғамбар екенін, егер

шындықты қаласа, ол жерден кетіп, мұсылмандардың

арасына барып, ақиқатты үйренгенінің жөн екенін,

мұсылмандықты қабылдаған адамның екі дүниеде

бақытқа кенелетінін айтып, шәкіртінің көзін жеткізеді.

Ұстазының айтуы бойынша, ол Тунус еліне аттана-

ды. Ол кезде Тунустың әмірі Мәулана Әбу Аббас Ахмет

болған екен. Әмірге мұсылмандықты қабылдағандағы

ниетінің шынайы екенін көрсету үшін сол қалада өзін

танитын дін адамдары мен саудагерлерді шақыртып, өзі

жайында сұрауын өтінеді. Әмір: «Сен кезінде Абдуллаһ