30
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
бірақ Аллаһ елшісінің ақырғы пайғамбар екендігіне
күмәнім болған емес», – деп жауап берген еді
16
. Мұсылман
болғаннан кейін Тәурат бойынша да соңғы пайғамбардың
Мұхаммед (с.а.с.) екендігін айтып иманға шақырғанда,
қырсықтық пен қыңырлыққа салынған руластары теріс
айналып кеткен-ді
17
.
Бұған Сәлман әл-Фарисидің өмірі де дәлел.
Мұсылман болғанға дейін ол да көптеген ирандықтар
сияқты отқа табынатын мәжуси еді. Алайда бара-ба-
ра хақ дінге деген құштарлық пайда болды. Сол дінді
тапсам, табыссам деп ынтықты. Кейін сол аймақтағы
христиандардыңықпалыменхристиандықтықабылдады.
Артынша христиандықты үйрену үшін үйінен қашып
Сирияға келді. Ол жерде бірнеше монахқа шәкірт
болды. Ең соңғы ұстазы көз жұмарында оған соңғы
Пайғамбардың келуіне аз уақыт қалғандығын, Оның
араб жерінен шығатынын және ақырғы Пайғамбардың
белгілерін: садақа алмайтынын, сый қабылдайтынын,
екі иығының ортасында пайғамбарлығын дәлелдейтін
мөрінің болатынын, шамасы жетсе, соған жетуін өсиет
етіп кетті
18
. Осы айтылғандарға қалай көз жеткізгенін
Сәлман әл-Фариси сахабаның өз аузынан естиік:
16
Мухтасару тәфсири Ибни Кәсир 1/140
17
Сира, 2: 164
; А. Әділбаев,
Саңлақ сахабалар
, 2-басылым,
«Алтын қалам» баспасы, Алматы, 2005, 208-211-б. Жоғарыда
айтып кеткеніміздіеИюдейлер пайғамбардың ккелетінін біліп
күтіп жүрген еді. Абдуллаһ ибн Сәләмнан басқа да танымал
июдей дін адамдары Мухайрик, Уәхб ибн Мунаббих және
Kағыб әл-Ахбар да Таураттағы хабарлардан Пайғамбардың
келетінін біліп, кейін мұсыландықты қабылдаған-ды.
18
Табақат, 4:77-78