Previous Page  35 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 35 / 200 Next Page
Page Background

35

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Соңғы елшінің келер күндерін сарыла күткен

сондай жандардың бірі Қусс ибн Саида да ел-жұрт

қалың жиналатын Указ жәрмеңкесінде халыққа бір

құтпа оқып, жан дүниесіндегіні ақтарған-ды. «

Дәм-

тұзы таусылып, ажал жеткен күні зарыға күткен нәбиін

көре алмай, ол да өмірден өтті. Бұл дүниеде кездесу

жазылмаған екен. Алайда мына кереметке қараңыз,

оның Указ жәрмеңкесіндегі құтбасын тыңдағандардың

ішінде соңғы нәби де бар еді. Сол жәрмеңкеде болған

кей адамдар бірнеше жылдан кейін Аллаһ расулының

алдына келгенде ибн Саида туралы сөз қозғап, сол

кездегі айтқандарын естеріне алатын

»

25

.

Сол тұста балаларына «Мұхаммед» деп ат

қойып, соңғы пайғамбардың өз ұрпағынан келуін

армандағандар да кездесетін

26

. Негізінен, «Мұхаммед»

есімі араб түбегінде бұрын соңды ешкімге қойылмаған

болатын. Пайғамбарымыз дүниеге келмей тұрып осы

аттас тек үш кісінің болғандығы айтылады. Бұны да

әкелері сапарға шықанда яһудилер мен христиандардың

сүйіншілеріне сүйеніп қойған.

Осы келтірілген дәлелдердің барлығы қасиетті

Құраның хақтығы мен ақырғы пайғамбар Мұхаммед

Мұстафаның (с.а.с.) пайғамбарлығын тайға таңба

басқандай көрсетеді. Алайда қыңырлық пен

күншілдікті тастай алмағандар ақиқатты қанша көріп

тұрса да мойындамады.

25

Пайғамбарымыз келер кезде орын алған осындай көптеген

қызықты оқиғаларға қатысты кеңірек мәлімет алу үшін

қараңыз: Р. Хайламаз, Жүрек төрінен орны алған теңдессіз

тұлға – Мұхаммед (саллалаһу аләйхи уәсәлләм), Аударған: Ғ.

Тобашев, «Көкжиек-Б» баспасы, Алматы, 2012 ж., 1- том.

26

Ибн Сағыд,

Табақат

, Бейрут, Дәру Садр, 1:169