29
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
баспасөзінде көптеп жарияланғандығы да ерекше
назар аудартады. Мұндай мысалдарды көптеп келтіре
беруге болады. Алайда әңгімеміздің негізгі арқауынан
ауытқымау үшін, бұл мәселені осы тақырыпқа қатысты
арнайы жазылған кітаптардың еншісіне қалдырайық.
Пайғамбарымыздың кезеңінде орын
алған оқиғалар
Ілімі арқылы Жаратушының жарлығына құлағы
түрік кісілерден бөлек, көкірек көзі ашық жандар
да іштей сезіп, әлемге нұр шаша келер пайғамбарды
күтуде болатын. Сол кездегі еврей мен христиан атаулы
Соңғы Пайғамбардың түр-түсін, ерекшеліктерін жақсы
білетін. Құран кәрім осы ақиқат жайлы былай дейді:
َالّذِينَ آتَيْنَاهُمُ الْكِتَابَ يَعْرِفُونَهُ كَمَا يَعْرِفُونَ أَبْنَاءهُمْ وَإِنّ فَرِيقاً
مِّنْهُمْ لَيَكْتُمُونَ الْحَقّ وَهُمْ يَعْلَمُون
«Өздеріне кітап бергендеріміз оны өз ұлдарын
танығандай таниды. (Бұған қарамастан) олардың
бір тобы, біле тұра шындықтыжасырады»
(«Бақара»
сүресі, 146).
Абдуллаһ ибн Сәләмнің мұсылман болуы бұны рас-
тайды. Ол – яһуди (еврей) ғалымдарының арасындағы
ең беделді, аса парасатты тұлға еді. Пайғамбарымыздың
нұрлы жүзіне мұқият қарап «мынадай пәк келбетте
иненің жасуындай да жалған жоқ» деп, кітаптан оқыған
белгілерін танып, мұсылман болып еді. Кейіннен Омар
(р.а.) одан Пайғамбарымыз жайлы: «Оны өз балаңдай
танитын ба едің?» – деп сұрағанда, ол: «Өз баламнан да
артық танитынмын. Балама шек-шүбә келтіруім мүмкін,