Previous Page  22 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 22 / 200 Next Page
Page Background

22

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

шырақ болып жанады. Адамдар Сол арқылы мүбәрак

болады. Барша адамзат Оны «мүбәрак» деп айтады».

Бұл жердегі «

Ол үшін үнемі дұға етіп, күнде

мадақтайды. Есімі мәңгілікке ұласып, Күнмен бірге

мәңгі-бақи шам-шырақ болып жанады»

сөйлемінің

хазірет Мұхаммед жайлы екендігі көрініп тұр. Өйткені

Оның есімі күнделікті бес уақыт азанда әлемнің түкпір-

түкпірінде сәт сайын жаңғыруда және ақиретке дейін

осылай болары сөзсіз. Ал бұндай ерекшелікті басқа

пайғамбардан көрсету мүмкін емес.

1944 жылы Лондонда басылған Тәураттың

бесінші кітабының арабша аудармасының бір жолын-

да:

«Аллаһ адамзатқа Синада жақындады. Сайрда

шағылды. Фаран тауларында көрініп, өзінің біртұтас

толықтығын жария етті»

(Сифр, Тәсния, Баб: 33:2)

деген аят бар.

Бұл жердегі «

Аллаһ адамзатқа Синада жақындады»

сөзіндегі негізгі мақсат – Аллаһ тағаланың хазірет

Мұсамен Синада тілдесіп, дін мен тәухидтің осы тауда

келгенін білдіреді. Са‘ир – Палестина жері. Сол жерде

Аллаһтың рақымдылығы уахи жолымен келіп, хазірет

Иса мен оның айналасындағы жандарды түгелдей шар-

пыды.

Фаран тауының Хижаз аймағында екендігін кітап

иелері де толық растайды, өйткені олар хазірет Исмаил

мен Хажар Фаран шөлінде еді дейді. Бұл жердің Мекке

болғаны белгілі.

Мұнда бірден үш пайғамбар: Мұса, Иса және соңғы

пайғамбар Мұхаммед туралы айқын айтылған.

Негізінен июдейлердің Мұхаммед пайғамбардың

(с.а.с.) хақ елшісі екендігін білгендіктеріне қатыстыИслам