5
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
Кітап оқырманның рухын шабыттандырып,
Пайғамбарымыз өмір сүрген сонау бақыт ғасырына же-
телеп, мұсылманды әспеттейтін қасиеттерді шыңдайды.
Сүйікті Аллаһ елшісіне деген сүйіспеншілікті артты-
рып, Жаратушының рақым етіп жіберген теңдессіз
сыйына разы болып, шүкір еткізеді. Кітап ес
біліп, етек-жеңін жинай бастаған жеткіншектерге
Пайғамбарымыздың өмірін таныстыруды және күллі
адамзатқа жарқын болашақ сыйлаған ұлы тұлғаға
деген шынайы махаббат қалыптастыруды көздейді.
Қазіргі таңда Пайғамбарымыздың абыройына
нұқсан келтіретін әрі сүннетке қайшы түрлі жағымсыз
оқиғалардың белең алып жатқаны қынжылтады. Адам
баласы – жете танымағанының дұшпаны. Сананы
күйрететін осындай келеңсіздіктің уытынан жас
өркендерімізді сақтап, ақ пен қараның ара-жігін ерікті
түрде айыра алуы үшін сапалы діни білім беретін осын-
дай еңбектердің берер өнегесі, көрсетер ұлағаты мол.
Қолыңыздағы кітап Ислам дінінің намысын
қорғаушы иманды ұрпақтың Жаратушысын ұлықтап,
пайғамбарын сүйіп, ата-анасын құрметтеп, бауырла-
рын сыйлауына септігін тигізер деген үміттеміз.
Баспадан