3
Аңдатпа
Мәуліт – елімізде жыл сайын атап өтілетін дәстүрлі
діни мереке. Ардақты пайғамбарымыздың туылған
күнін атап өтудің діни үкімі кей уақыттарда таласқа
түсіп жүргені де шындық. Осы орайда қоғамға та-
ласты діни мәселелердің ақ-қарасын ажыратып беру
қажеттігі туып отыр. Қолдарыңыздағы кітап – осы
мақсатта құрастырылған, авторлардың мақалалары
мен зерттеулерінен жинақталған дүние.
Кітап ауқымды діни тақырыптарды қамтып,
мазмұнын талқылап, тың деректермен айшықтай
түседі. Мәуліт мерекесі мен үкімін және оны атап
өтудің қазіргі қоғамдағы маңыздылығын, киелі
кітаптардағы соңғы пайғамбар жайында күні бүгінге
дейін сақталған мәліметтерді келтіріп, Аллаһ елшісінің
өзіне тән сипаттарын талдап, нағыз мұсылмандықтың
үлгісін қалыптастырған асыл қасиеттерін жеке-же-
ке ашып түсіндіреді. Яғни, Аллаһ елшісінің әділдігі,
турашылдығы, балаларға деген мейірімі, жомарттығы,
үмбетіне сүйіспеншілігі т.б.
Дүниеге келген сәтіндегі орын алған таңғажайып
оқиғалар тылсымы да тақырыптың құндылығын арт-
тыра түседі.
Сүннет – мұсылман өмірінің шамшырағы, айны-
мас жол сілтеуші серігі. Кітаптағы ең өзекті тақырып
– сүннеттің орнын көрсетудегі тиянақты жасалған