99
Маулітті атап өтудің үкімі
Адамзат әбден азғындаған сол бір кезеңде
Жаратқан Жаббар Иеміз өзі сүйіп жаратқан адам
баласына соңғы елшісін жіберді. Пайғамбарымыз
дүние есігін айқара ашқан «Рәбиул-әууәл» – көктем
айларының алғашқысы, қайта жаңарудың белгісі
болған ай еді. Бейне бір қыстан кейін адамзаттың қайта
тірілуін көрсеткендей еді. Оның дүниеге келуі бүкіл
жаратылысқа мән сыйлап, болмысын ашып берді.
Күллі әлем оның келуін сағына да сарғая күткендей
болатын, сондықтан ақырғы елшінің үмбеті болған
біздер үшін бұл туған күннің мәні зор. Ал енді соңғы
кездері осы қасиетті мәулітті атап өтуге қатысты
мұсылмандар арасында дүрдараздыққа себеп болып
жүрген мәселенің басын дәлелдерге сүйене отырып
ашып көрсетуге тырысайық.
Негізінде, діни үкімдер Құран мен хадистен
алынады. Ал Құранда немесе хадисте мәулітті атап
өтуге тыйым салынған аят немесе хадистің жоқ екені
мәлім. Олай болса, мәулітті тойлау «бидғат, харам,
адасушылық» деудің ешқандай да негізі жоқ. Қайта
мәулітті атап өтуге болатындығын көрсететін негіздерді
көптеп табуға болады. Ғалымдарымыз Құран аяттары
мен хадистерден дәлел келтіре отырып мәулітті атап
өтуге болатындығына бір ауыздан келіскен, яғни бұл
мәселеде «ижмағ» бар. Ал ижмағ шариғатта дәлел боп