108
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
қуанғандықтан, сый ретінде дүйсенбі күндері азабы
жеңілдейтін болса, өмірде Пайғамбарымызбен қуанып,
тәухид сенімін ұстанып өткен кісінің ақиреттегі
қарымының қандай боларын өзіңіз ойлай беріңіз»
114
дейді.
7. «Аллаһтың рақымына қуану».
М. Әләуи: «Аллаһ елшісін (с.а.с.) мақтаныш етіп
қуану – Құранның бұйрығы. Раббымыздан келген:َ
قُلْ بِفَضْلِ اللِّ وَبِرَحْمَتِهِ فَبِذَلِكَ فَلْيَفْرَحُواْ هُوَ خَيْرٌ مِّمّا يَجْمَعُون
«Аллаһ тағаланың сыйы һәм рақымымен,
міне осыларға қуансын! Өйткені бұл олардың
жинағандарынан (дүниелік байлықтарынан)
қайырлы», – деп айт»,
115
–
деген аяты жасалған
рақымдылық үшін қуануды әмір етуде. Ал біздер үшін
ең үлкен рақымдылық – Адамзаттың асылы болған
Пайғамбарымыз (с.а.с.). Бұны Жаратқанның өзі:َ
وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلّ رَحْمَةً لِّلْعَالَمِين
«Біз сені күллі ғаламға рақым етіп ғана
жібердік»
116
деп білдірген.
Бір мұсылманның мәулітті тойлағандарға «Сендер
мәулітті неге тойлайсыңдар?» деп сұрауынан асқан
орынсыз сұрақ жоқ, өйткені бұл «Сендер неге
пайғамбарға қуанасыңдар?» дегенге саяды. Бұл
сұрақтың жауабы әрине: «Мұхаммед (с.а.с.) үшін жан
рақатына бөленіп, қуанғандықтан мәулітті тойлаймын,
оны жақсы көргендіктен жаным жай тауып, өзімді
114
әш-Шәми, Субулул-һудә, 1/367
115
«Юнус» сүресі, 10/58
116
«Әнбия» сүресі, 107