Previous Page  111 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 111 / 200 Next Page
Page Background

111

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

«Құлдарымыз Ибраһим, Ысхақ пен Жақыпты

есіңе ал...»

120

,

وَاذْكُرْ فِي الْكِتَابِ إِبْرَاهِيمَ

«Кітапта Ибраһимды да зікір ет»

121

деген секілді

аяттар бар.

Міне, Пайғамбарымызға қарата айтылған «зікір

ет», «есіңе ал», «ұмытпа» деген сияқты бұйрықтар

оның үмбеті үшін де ғибрат, сондықтан мәулітті

атап өтудің түпкі мәні – пайғамбарлар пайғамбары

болған Мұхаммед Мұстафаның өмірін «зікір ету, еске

алу, ұмытпау». Демек, мәуліт – Құран мен сүннеттің

негізінде қалыптасқан ғибрат, тәлім-тәрбие, рухани

құлшынысты арттырудың себепкері

122

.

10. Мәуліт – бидғат емес

«Әр бидғат – харам емес. Егер солай болса,

онда Әбу Бәкір (р.а.), Омар (р.а.) мен Зәйдтің (р.а.)

Құранды жинастырулары және Құранды жатқа білген

сахабалардың дүниеден озуына байланысты Құраннан

айырылып қалармыз деп қорқып бір кітап ретінде

жаздырулары нағыз бидғат болар еді. Егер солай

болса, хазірет Омардың «Бұл қандай жақсы бидғат!»

деп, тарауих намазын адамдардың бәрін бір имамның

артына жинап оқытуы, барлық пайдалы ғылымдардың

жинастырылып, жүйеленуі де харам болар еді. Тіпті

мұнараға шығып азан шақыру, керуенсарай, мектеп,

аурухана, түрмелер салу да харам болар еді. Сондықтан

ғұламаларымыз «әр бидғат – адасушылық» деген

120

«Сад» сүресі, 38/17, 45

121

«Мәриям» сүресі, 19/41

122

М. Хуб, 169-170-б.