Previous Page  117 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 117 / 200 Next Page
Page Background

117

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

осылайша, жігітке ашуланбай, оның көңілі жай таба-

тындай етіп зинақорлықтың жиіркеніштілігін өміршең

мысалдармен түсіндіріп, соңында әкелік мейірім та-

нытып, жанын жегідей жеген әлгі күнәдан арылуы

үшін дұға етеді

128

. Мұсылмандыққа бет бұрғандарды

осындай парасаттылығымен, кемеңгерлігімен күнә

батпағынан құтқара бастайды.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамның пәк болмысын

қарайтатын басқа да жаман қылықтарды ескертіп,

үмбетін олардан бойды аулақ ұстауға шақырды.

Мысалы, сондай хадистерінің кейбірінде:

«Кімде-кім әділетсіздік жасап, біреудің бір қарыс

болсын жерін тартып алса, қиямет күні сол жердің

жеті есесі оның мойнына жүктеледі»

129

;

«Әділетсіздік жасаудан аулақ болыңдар, себебі

әділетсіздік жасаған адамға қиямет күнінде

қараңғылық төнеді. Сараңдықтан да қашыңыздар,

өйткені сараңдық сендерден бұрынғы адамдардың

жойылуына, олардың бір-бірінің қанын төгуге,

Аллаһтың харам деген нәрсесін адал деп қарауға әкеп

соққан»

130

,

– делінген.

Қоғам мүшелерінің ыстық қарым-қатынасын

жоятын қасиеттердің бірі – өркөкіректік. Бұл жайында

Аллаһ расулы (с.а.с.):

«Уа, сахабаларым! Жақсылап

тыңдап алыңыздар, сіздерге тозақ халқы туралы ай-

тайын. Олар – тас жүрек, өркөкірек, қу және кекірейіп

жүретіндер»

131

,

– деген.

128

Муснәд, V, 256-257.

129

Бухари

, Мәзалим, 13;

Муслим

, Мәсафә, 142.

130

Муслим

, Бирр, 56; Муснәд, I, 160.

131

Зейнуддин Ахмад Зәбиди

, Сахих-и Бухари мухтасары ве

тежрид-и сарих тержемеси, XI т., 1752, (ауд: К. Мирас, А.