Previous Page  120 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 120 / 200 Next Page
Page Background

120

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

сондықтан бұл тәрбие шеңберінен отбасылар да шеттеп

қалған жоқ. Ислам дінінде көптеген аят, хадистер

адамдарды үйленіп, отбасы құруға шақырады, өйткені

отбасы – адамның өз бақытын табатын орта, ұрпақтың

жалғасуына себеп әрі дініміз бойынша күнә деп сана-

латын жаман әрекеттерден қақпайлайтын алтын қазық.

Қасиетті Құранда:

َوَمِنْ آيَاتِهِ أَنْ خَلَقَ لَكُم مِّنْ أَنفُسِكُمْ أَزْوَاجاً لِّتَسْكُنُوا إِلَيْهَا

وَجَعَلَ بَيْنَكُم مّوَدّةً وَرَحْمَةً إِنّ فِي ذَلِكَ آلَيَاتٍ لِّقَوْمٍ يَتَفَكّرُون

«Сендердің өз табиғаттарыңа үйлестіріп (өз

қастарыңнан) әйел жынысын жаратқаны да, оларға

тіршілік ләззаты етіп, сүйіспеншілік, мейірім

бергені де Аллаһтың ұлылығының белгілерінен.

Мұнда терең ойланғандар үшін дәлелдер бар»

135

делінген. Әзірет Пайғамбарға (с.а.с.) халыққа жеткізуі

міндет етіп жүктелген Құран кәрім әйел мен еркектің

игі істерде, оның нәтижесі – ақиреттегі сыйда бір-

біріне тең екенін, сонымен қатар, перзенттің әке-

шешесі алдындағы борыштарын ескертеді:

وَاللُّ جَعَلَ لَكُم مِّنْ أَنفُسِكُمْ أَزْوَاجاً وَجَعَلَ لَكُم مِّنْ أَزْوَاجِكُم

َبَنِينَ وَحَفَدَةً وَرَزَقَكُم مِّنَ الطّيِّبَاتِ أَفَبِالْبَاطِلِ يُؤْمِنُونَ وَبِنِعْمَتِ

اللِّ هُمْ يَكْفُرُون

«Аллаһ сендерге өздеріңнен (нәсілдеріңнен)

әйел затын жаратты. Әйелден бала, баладан немере

сүйдіңдер. Әрі сендерді алуан түрлі ризықпен

қоректендірді. Осылай бола тұра олар өтірікке

135

«Рум» сүресі, 21