115
Мұхаммед пайғамбар және
оның хадисі мен сүннеттерінің
мұсылмандардың өміріндегі
маңызы
Хақ елшісі Мұхаммед (с.а.с.) Ислам діні ұсынған
жаңа тәрбие мен сол күнгі қоғамға тосын ізгі
мәдениеттің асыл дәнін мұсылмандардың бойына егу
үшін үлкен қайрат көрсетті. Ислам дінін қабылдаған
әрбір тұлғаның мұсылман болып қалыптасу жолында
барлық күш-жігерін жұмсады. Бір жағынан, олардың
сол күнгі қоғамға сіңісті боп қалған әртүрлі күнәлар
мен жамандықтардан арылуына, екінші жағынан
жаңа сапаға ие болуларына көмектесті. Кейде наси-
хат арқылы, кейде іс-әрекетімен мұсылман тұлғаның
қалыптасуына және негізгі адамдық болмысына қайта
оралуына қолынан келгенінің бәрін жасады. Осылай-
ша мұсылмандарға сөз бен іс-әрекеттері арқылы үлкен
әсер қалдырды. Соңында, сахабалардан құралған
өте тамаша, көркем мінез-құлқы бар бір үмбет пайда
болды.
Пайғамбарымыздың әрбір тұлғаның ислами
болмысқа ие болуы үшін жол көрсетуші, мұғалім,
тәрбиеші ретінде қандай тәсілдерді қолданғанын,
осының нәтижесінде қандай қоғам қалыптасқанын
білу үшін сол ғасырды көз алдымызға елестетейік.
Әрбір тұлғаның тәрбиесі үшін Рақым Пайғамбары ал-