Previous Page  113 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 113 / 200 Next Page
Page Background

113

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

дүмшелердің «Оны сәләфтарымыз жасамаған» деген

желеуі оған қарсы дәлел бола алмайды. Мұны дін

негіздері мен методологиясынан хабары бар жандардың

бәрі біледі. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тура жолға бастай-

тын бидғаттарды «сүннет» деп атаған. Онымен амал

еткенге сауап жазылатынын да баяндаған. Демек,

егер бір нәрсе діни негізге сүйеніп, шариғаттың ешбір

қағидасына қайшы келмесе әрі діни тұрғыдан бір

пайда тигізер болса, ол жақсы бидғат болып санала-

ды. Сондықтан мәулітті атап өту шаралары да осындай

«хасана», яғни жақсы сүннет

126

.

11. Мәулітті атап өту – әлеуметтік

қажеттілік

Алғашқы үш ғасырда мәулітті неге тойламаған де-

генге келсек, бақыт ғасырында туған күнін атап өтіп,

Пайғамбарымызды еске салудың қажеті жоқ болатын.

Еске салу, ұмытқандарға немесе ұмыта бастағандар

үшін қажет. Сахаба Сағд ибн Әбу Уаққастың «Біз

Пайғамбарымыздың өмірін балаларымызға Құраннан

сүре үйрететіндей үйрететін едік» дегеніндей, алғашқы

ғасырларда оның естеліктері халық жадында әлі сол

жаңа күйінде жаңғырып тұрған болатын. Ал, атап өтіп,

еске алу бір қажеттілікке яки себепке байланысты жа-

салады. Оның себептері көбінесе – әлеуметтік.

Мысалы, қазіргі таңда күллі мұсылман

жұртшылығы тойлайтын Рамазан айты мен Құрбан

айты да осындай қоғамдық қажеттілікке байланысты

белгіленген еді. Пайғамбарымыз Мәдинаға қоныс

аударған кезде, мәдиналықтар жылына екі мейрамды

тойлайтын. Кейін Аллаһ тағала осы екі мейрамның

126

М. Ибн Әләуий, 35-36-б., М. Хуб, 178-179-б.