116
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
дымен олардағы жаман қасиеттердің теріс әсерлерін
түсіндіріп, олардан бас тартқызды. Айталық, бір күні
мұсылмандықты қабылдағанымен, қараңғылық дәуірде
бойына сіңіп қалған зинақорлық секілді жиіркенішті
әдетінен арыла алмаған бір жас жігіт келіп:
– Уа, Аллаһтың расулы, маған зина жасау үшін
рұқсат берсең?! – дейді. Пайғамбарымыздың жанын-
да отырғандар жігіттің әбес өтінішін ести сала, оған
бірден ұрса бастайды. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.)
жігітті қасына шақырып, олардың арасында мынадай
әңгіме өрбиді:
– Осындай нәрсенің сенің анаңа жасалғанын
қалар ма едің? – деп сұрайды Аллаһ елшісі (с.а.с.).
– Уа, Аллаһтың елшісі! Әке-шешем жолыңда
құрбан болсын, әрине, қаламаймын! – дейді жігіт.
– Ешқандай
адам
анасына
мұндай
жиіркеніштілікті қаламайды. Сенің қызың болса, оған
осындай нәрсенің жасалғанын қалар ма едің?
– Жаным саған құрбан болсын, уа, Расулаллаһ,
еш қаламас едім! – дейді жаны одан сайын түршігіп.
– Ешбір жан да қызына мұны тілемес еді. Ал
әпкелеріңе осындай нәрсе жасалғанын қалар ма едің?
– Жоқ, Пайғамбарым, мұны да қаламаймын.
– Ешкім де әпкелеріне мұндай сорды қаламайды.
Қарындастарыңа ше, оларға осындай жамандық
жасалғанын қалар ма едің?
– Жо-жоқ, қаламаймын.
– Ешкім де қарындастарын қасіретке душар еткісі
келмейді, – деген Аллаһ расулы (с.а.с.) қолын әлгі
жігіттің жүрек тұсына қойып: «Аллаһ тағалам, бұның
күнәсін кешір, жүрегіндегі жамандықтарды тазала, на-
мысын сақтауға жәрдемші бол!» – деп дұға етеді. Міне,