122
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
Көптеген қоғамдағы сияқты Ислам дінінің қалаған
отбасы түрі – патриархаттық. Бұл бұрынғы араб тайпа-
ларынан өзгеше еді. Оның мүшелерін басқаруда отбасы
иесінің құқығы шектеулі болды. Мысалы, әкенің
балалары алдында олардың пайдасына шешілетін
әкелік құқығы бар. Алайда оларды сату, өмір сүруі
мен өліміне шешім қабылдауға еш құқы жоқ. Осыған
байланысты ежелгі араб тайпаларында орын алған
жас сәбиді өлтіру әдетіне тыйым салынған. Ерінің
зайыбы алдындағы құқығы да тек қана отбасы бірлігін
жалғастыру негізіне сүйенеді. Ал әйел күйеуінің ал-
дында экономикалық әрі жеке көзқарасы жағынан
тәуелсіз. Алайда еркектің қоғамдағы арқалар жүгі ауыр
болғандықтан, кейбір мәселелерде әйелдің алдында
үстемдігі бар. Бұл жайында Құран кәрім былай дейді:
«...Дегенмен еркектер әйелдерден бір сатыжоғары
үстемдікке ие. Осының бәрі Аллаһтың құдіреті,
данышпандығы арқылы орындалып жатады»
139
.
Сонымен қатар, «Ниса» сүресінің 34-35 аяттарында
отбасы өмірін сақтау, әйел мен ердің қоғамдағы орнын
белгілеу, жазалау түрлері т.б. сияқты мәселелер айтыла-
ды. Осылайша Аллаһ тағала Құран кәрім мен ардақты
Пайғамбардың сүннеті арқылы отбасы мүшелерінің
орнын жеке-жеке көрсетіп берді. Ислам діні келген
соң ескі әдеттердегі жиіркенішті іс-әрекеттердің
бәріне тыйым салынып, жеңіл жүріс пен көңіл көтеру,
зина сияқты жамандықтардан пәк, белгілі бір тәртіпке
бағынған, намысты отбасы қалыптасты.
Тарихта қараңғылық, надандық деп аталған
жаһилия кезеңінде әйелдің қоғамда ешбір орны жоқ
еді. Әйел затының ар-намысы қорланып, тіпті қыз ба-
139
«Ниса» сүресі, 34