Previous Page  125 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 125 / 200 Next Page
Page Background

125

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Мұхаммед пайғамбар да (с.а.с.) осы міндетті орындау

үшін жіберілген. Ол пайғамбарлығының алғашқы он

үш жылын жеке тұлғалардың тәрбиесіне сарп етті.

Күнәлармен тас болып, қатып қалған жүректерге сәуле

болып кіруге тырысты, сондай-ақ ойларындағы арам

пиғыл мен бойларындағы жаман қасиеттерді бақыт

нұрын шашқан тәухид сенімімен алмастырды. Осын-

дай тәлім-тәрбиеден кейін әлеуметтік, экономикалық,

моральдық тұрғыдан алға қарай дамуға ынталы

өзгеше қоғам пайда болды. Аллаһтың үкімдері мен

жол-жобасы бойынша әрекет еткен Хақ елші (с.а.с.)

бұл қоғамды рухани әрі материалдық жағынан ілгері

дамыта түсті.

Исламнан бұрынғы араб қоғамында адам айтқысыз

азғындықтар өршіп тұрған еді. Ұл баланың дүниеге

келуі бақыт саналып, қыз баланың туылуы сүйекке

таңба, бетке шіркеу болып қабылданатын. Әйелдер мал

секілді сатылатын. Әкесі қайтыс болса, оның орнын

ұлы басып, өгей шешелеріне үйленетін. Зина жасау

үйреншікті әдетке айналған еді.

Аллаһ тағала осындай жаман әдеттердің бәріне

тосқауыл қойып:

قُلْ تَعَالَوْاْ أَتْلُ مَا حَرّمَ رَبّكُمْ عَلَيْكُمْ أَلّ تُشْرِكُواْ بِهِ شَيْئاً

وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَاناً وَلَ تَقْتُلُواْ أَوْلَدَكُم مِّنْ إمْلاَقٍ نّحْنُ نَرْزُقُكُمْ

وَإِيّاهُمْ وَلَ تَقْرَبُواْ الْفَوَاحِشَ مَا ظَهَرَ مِنْهَا وَمَا بَطَنَ وَلَ تَقْتُلُواْ

النّفْسَ الّتِي حَرّمَ اللُّ إِلّ بِالْحَقِّ

«Келіңдер, Аллаһ тыйым салған нәрселерді оқып

берейін, – де, Аллаһқа еш нәрсені теңдестірмеңдер,

ата-аналарыңа жақсылық жасаңдар. Кедейліктен