127
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
Осылайша Аллаһ расулы (с.а.с.) Құранның
басшылығымен қоғамда түсінбеушілік тудыратын іс-
әрекеттерді жойып, бәрі бір-бірімен тең әрі бауыр деп
саналатын, ауқаттылары кедейлерін қамқорлығына
алып, жәрдемдесетін, бір-бірінің ақысын жемейтін
қоғамды қалыптастырды.
Мұсылман қоғамының әрбір мүшесі жақсылық
пен туралықты бұйырып, жамандық пен әділетсіздікке
қарсы тұруы қажет. Аллаһ тағала Құран кәрімде:
ِّكُنتُمْ خَيْرَ أُمّةٍ أُخْرِجَتْ لِلنّاسِ تَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَتَنْهَوْنَ عَنِ
الْمُنكَرِ وَتُؤْمِنُونَ بِالل
«Сендер адамдардың арасынан шығарылған
жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын,
Аллаһқа сенген қайырлы үмбет болдыңдар»
149
;
ِ
وَكَذَلِكَ جَعَلْنَاكُمْ أُمّةً وَسَطاً لِّتَكُونُواْ شُهَدَاء عَلَى النّاس
«Осылайша сендерді басқа адамдарға куә болу
үшін орта жолды таңдаған үмбет еттік»
150
,
– деген.
Бұл қоғамның негізгі мақсаты – салиқалы,
игілікті, ізгі амалдар жасап, әділеттілікті орнату және
жамандықты жою. Мұсылман ерлер мен мұсылман
әйелдер – бір-бірінің досы және жәрдемшісі, әрдайым
жақсылық пен әділдіктің нышаны. Басқалардың да
тура жолда болуы үшін қажырлы қайрат көрсетеді.
Олардың көздегені – тек қана Аллаһтың разылығына
бөлену.
Аллаһ елшісі (с.а.с.) адамдардың Ислам шуағына
кенелуі үшін алдымен олардың Ислам иманын жақсы
149
«Әли Имран» сүресі, 110
150
«Бақара» сүресі, 143