131
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
тіршілік иелерінің сипаты өз маңыздылығына қарай
қымтылған. Шексіз ілім және құдірет иесі жіберген
Қасиетті Кітапта жаратылыстағы барлық ақиқаттар
мен ілімдердің дәнегі сақталған. Құран – күллі әлемнің
ықшамдалған мазмұны іспетті. Сонымен қатар, ол –
араб тілі мен әдебиетінің және жалпы көркем сөз
өнерінің түрлі заңдылықтарын толықтай ішіне бүгіп,
сөз зергерлерін еріксіз бас идірген иләһи кітап. Араб
тілінің ерекшелігіне сай онда мағыналық тұрғыдан
кең мағыналы аяттар, жалпыға тән және арнайы-же-
ке, шегі нақты бекітілген кейде нақты бекітілмеген
үкімдер, түрлі мағыналарды білдіретін ортақ сөздер,
метафоралық, метонимиялық, ұғым-категориялар
да бар. Мұнымен қоса, Құранда бәріне ұғынықты
(мухкәм) және ұғыну мүмкін емес (Оның шынайы
ақиқаты Жаратушыға ғана мәлім – мутәшәбиһ аяттар),
аз сөзге көп мағына сыйғызған аяттар да ұшырасады.
Демек, Пайғамбарымызға (с.а.с.) Құранды адамзатқа
жеткізумен бірге түсіндіру міндеті де қоса жүктелген.
Мұны Құран аяттарынан (Нәхл, 44, Ибраһим, 4) да
көруге болады.
Бүкіл әлемдерге рақым етіп жіберілген Аллаһтың
елшісі Мұхаммед (с.а.с.) – Құранның ең ұлық
тәпсіршісі. Сол себепті де, Жаратушының иләһи
мақсатын ең терең ұғынып, оны өмірінің өзегіне
айналдырған Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
ғибратты ғұмыры қияметке дейін келетін адамзатқа
бірден-бір үлгі
152
. Қадірменді Айша анамыздың (р.а.)
сөзімен айтсақ, «Оның мінезі – тұнып тұрған Құран»
153
еді.
152
Қалам, 4; Ахзаб, 21
153
Муслим,
Мусафирин, 139