Previous Page  134 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 134 / 200 Next Page
Page Background

134

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

«Олармен жақсы қарым-қатынас жасаңдар»

(«Ниса» сүресі, 19) деген аятты

«Әйелдер жа-

йында (олардың құқықтарын сақтау тұрғысынан)

Аллаһтан қорқыңдар. Сендер оларды Аллаһтың

аманаты ретінде алдыңдар және оларды Аллаһтың

атымен уәде беріп өздеріңе халал қылдыңдар»

158

деген

хадисімен қуаттаған.

ә) Сүннет – Құрандағы аяттарды түсіндіруші.

Сүннет Құрандағы қысқа да нұсқа келетін кейбір

аяттардың астарлы тұстарын жеткізіп, түсіндіреді,

толықтырады. Жалпылай айтылған үкімдерді арнайы-

жеке үкімдерге айналдырады және шегі бекітілмеген

үкімдердің ара-жігін айқындап белгілейді

Тақырыпты аша түсу үшін бірнеше мысал

келтірелік:

1. Сүннет Құрандағы құлшылыққа байланысты

бірден түсінуге ауыр келетін ықшамды аяттардың

мағынасын кеңіте түсуі.

Мәселен, намаздың парыз болу мәселесі. Құранда

намаздың парыз болуы айқын болғанымен, оның

қай уақыттарда, қалай оқылатыны, рәкәт саны және

басқа да шарттары кең түрде баяндалмаған. Құранды

тәпсірлеуші бірқатар ғалымдар

ِوَأَقِمِ الصّلاَةَ طَرَفَيِ النّهَارِ وَزُلَفاً مِّنَ اللّيْلِ إِنّ الْحَسَنَاتِ يُذْهِبْنَ

السّـيِّئَات

«Күндіздің екі жағында және түннің күндізге

таяу уақыттарында намазды орында. Шындығында,

158

Муслим,

Хажж, 147

; Әбу Дәуіт,

Мәнәсик, 57

; Ибн Мажә,

Мәнәсик, 84

; «Бақара» сүресі, 283; Муслим,

Сииам, 3-9;

«

Бақара» сүресі, 83

, Бухари,

Иман, 2

; Муслим,

Иман, 19-22