140
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
жыртқыш құс пен үй есегінің етін жеуді харам етуі,
апалы-сіңлілерді бір некенің астында ұстау, яғни ол
екеуін бірдей әйелдікке алу, еркектерге алтын тағу
мен жібек киюдің харам етілуі, қан жолымен харам
болғандардың сүт ему арқылы харам етілуі т.б.
үкімдерді жатқызуға болады.
Имам Шафиғи сүннеттің алғашқы екі міндеті
жайлы Ислам ғалымдарының пікірлері бір жерден
шыққанымен, үшінші мәселеге байланысты түрлі
көзқарастардың бар екенін айтады. Сайып келгенде,
олардың бәрі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Құрандағы
үкімдерге қосымша немесе одан тыс жеке үкім қоя
алатындығын қабылдайды
175
. Сүнеттің Құран аятта-
рында белгіленген жайттардан бөлек үкім шығаруы
оның Құранға қарама-қарсы үкімдер деген мағынаға
келмейді. Асылында кез келген сахих хадис аятқа қайшы
бола алмайды. Осы мәселеге байланысты мұсылман
ғалымы Шәуқани «Сүннеттің үкім шығарудағы
тәуелсіздігі мен бұлжытпас дәлел екеніне тек Ислам-
нан жұрдай болған кісі ғана қарсы шығады»
176
деген
тұжырым жасайды. Асылында, сүннет – Құранның
өмірде көрініс тапқан тәжірибесі. Осы дәлелдердің
бәрі тұрғанда сүннетті бір жаққа ысырып тастап, өз
ақылыммен Құранды тікелей түсініп, өз білгенімше
амал етемін деу – үлкен қателікке жол ашады.
Ал енді сүннеттің дінде дәлел болуының негіздерін
мына тақырыпшалар төңірегінде қарастырып,
айқындай түсейік:
1. Құрандағы дәлелдер
175
Шафиғи,
әр-Рисәлә, 52-53
; Шатыби, Муафақат, 4/24-25
176
әл-Хаким, иршадул-фухул‘ден 12-б., Мухаммад И. Муса,
Фықһы ислам тарихы
, ауд. А. Мейлани, Стамбул, 1973, 354-б