Previous Page  142 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 142 / 200 Next Page
Page Background

142

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Беделді мүфәссирлер (Құран тәпсіршілері) мен

хадис ғалымдарының басым көпшілігі осы аяттардағы

«хикмет» сөзін сүннет деп ұққан

179

. Өйткені адамзатқа

түскен Аллаһтың теңдессіз сыйы Құран кәрімде артық

не орынсыз қолданылған сөз жоқ. Оның кез келген

сөзін, тіпті әріптерінің орнын өзгерту немесе орнына

басқа бір сөз қою мүмкін емес. Онда әрбір сөз орын-ор-

нымен қолданылған, сондықтан аяттағы «хикмет» сөзі

кітап немесе оның бір бөлігі бола алмайды. Араб тілінің

грамматикалық қағидасы бойынша «уау» жалғауы

бірдей нәрсеге айтылмайды. Бұл жердегі «кітап»

сөзінің мағынасы басқа аяттарда да білдірілгендей

«Құран» екені күмәнсіз. Ал «хикмет» сөзінің астары

болса, бұл жерде осы кітаптың түсіндірмесі әрі жүзеге

асырушысы сүннетті меңзеп отыр.

– Аллаһ тағала пайғамбарларын адамдарға

жібергенде, оларға бойұсынсын деп жіберетіндігін де

білдірген:ِّ

وَمَا أَرْسَلْنَا مِن رّسُولٍ إِلّ لِيُطَاعَ بِإِذْنِ الل

«Біз пайғамбар атаулыны, Аллаһтың

рұқсатымен, оған бойсұнылу үшін ғана жібердік»

180

.

Пайғамбарлар өз міндеттерін толық атқара білу

үшін оларға мойынсұну қажет. Сонымен қатар, «Кім

пайғамбарға мойынсұнса, Аллаһқа бағынған болады»

аяты итағат етудің (мойынсұну) міндетті екенін

көрсетуде.

179

Шафиғи,

әр-Рисәла,

44-45; Абдулғани Абдулбақи,

Хужжииетус-сунна,

74-76

180

«Ниса» сүресі, 64