Previous Page  129 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 129 / 200 Next Page
Page Background

129

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

иманнан туындайтын амалдар да бар. Яғни, иманның

табиғи нәтижесі құлшылық болып саналады. Ислам

құлшылығы Тәухид принципіне сүйенеді. Ислам діні

келген соң пұттарға байланысты барлық әдеттер жойы-

лып, тәухид шеңберіндегі амалдар өріс тапты. Мысалы,

бұрынғы кезде пұттарға арнап құрбан шалынса, енді

тек Аллаһ разылығы үшін шалынатын болды.

Ислами ғибадаттар жүйесінің ішінде бұрынғы

пайғамбарлардан қалған, бірақ уақыт өте келе

ұмытыла бастаған кейбір құлшылықтар қайтадан жан-

данып, жөн-жобасы нақты қағидалармен айқындалды.

Мысалы, ораза ұстау рамазан айына тән етіліп,

ережелері бекітілді. Қажылықтың рәсімдері де қайта

жаңғыртылып, тек Аллаһ үшін жасалатын құлшылыққа

айналды.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) уағыздаған негіздердің

арасында ең маңызды орынды күндік ғибадат – намаз

алатыны белгілі. Намаз – мұсылманның миғражы.

Аллаһ пен адамның арасындағы рухани көпір. Осы

«көпір» салынған соң құлдың жамандықтарға қарай

бет алуы, күнәларға ұрынуы азаяды. Себебі, намаз

оны жамандықтардан сақтайтын қалқан іспеттес.

Күніне бес мәрте өзінің Аллаһтың құлы екенін сезінген

адам, діндегі ережелерге өмірін сәйкестендіріп,

кемелдіктің шыңына қарай шарықтай түседі. Осын-

дай қасиеттерімен ерекшеленетін намаз алғашқы

мұсылман қоғамының адамгершілік тұрғысынан ке-

мелдене түсуіне өз үлесін қосты. Пайғамбарымыз

(с.а.с.) өзінің сүннеті арқылы да қоғамға намаздың

қаншалықты маңызды екенін көрсете білді. Намаздың

қадір-қасиетін Аллаһ елшісінен үйренген сахабалар

да намаз десе, ішкен асын жерге қоятындай дәрежеге