130
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
келді. Маңдайларын сәждеге тигізген сайын, адамдық
тұлғалары кемелдікке қарай биіктей берді.
Ислам дініндегі маңызды құлшылықтардың
бірі – зекет. Зекет – Исламнан бұрынғы қоғамда
болып көрмеген материалдық құлшылық түрі. Тіпті
мұндай құлшылық түрі тарихта алғаш осы Ислам
арқылы әлеуметтік өмірге енді деуге болады. Зекет
арқылы байлар кедейлерді қамқорлыққа алып, оларға
материалдық көмек көрсетсе, ал кедейлер олардың
жәрдеміне ризалық танытты. Міне, осылайша зекет
арқылы мұсылман қоғамындағы бай мен кедейдің
қарым-қатынасы қайырымдылыққа негізделіп, ерекше
арнаға түсті.
Жоғарыда айтылған иман мен ғибадат негіздерінің
бәрі де адамдардың ауызбірлігін арттыратын,
әлеуметтік өмірді реттейтін, салауатты өмір салтын
ұстанатын қасиеттерімен ерекшеленеді. Осылайша
Пайғамбарымыз (с.а.с.) өмірдің әр саласында Аллаһ
тағаланың жетекшілігімен жемісі мол жетістіктерге
қол жеткізіп, үмбетін кемелдікке қарай жетеле-
ген. Қараңғылықтың қара пердесін серпіп тастап,
шұғылалы, салауатты өмір салтына жол ашқан.
Алғашқы мұсылман қауымда орныққан бұл жетістіктер
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мұсылмандық қауызынан
сусындаған елдердің бәріне жөн сілтеп, бағыт-бағдар
көрсеткен.
Сүннеттің Құранмен үндестігі және дінде
дәлел болуы
Құран – барша адамзат пенжындар әлеміне ақиретке
дейінгі бүкіл заманға түскен иләһи мәңгілік үкімдер
мен тәлімдердің қайнар көзі. Онда әрбір құбылыс пен