109
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
бақытты сезінемін. Мұсылманмын, сондықтан оны
жан-тәніммен жақсы көремін» болмақ»
117
, – дейді.
8. «Алтын ғасырдағы қасидалар мен
мәуліт жырлары»
Мәулітті тойлауға болатындығын білдіретін
дәлелдердің бірі – мәуліт кештерінде оқылатын
мәуліт жырлары. Ал оның негізі «алтын ғасырдағы»
қасидаларға дейін барады. Ардақты Пайғамбарымыз
өзін мақтап, мадақ айтқан ақындарға қарсылық
танытпаған. Тіпті оларға ризашылығын білдіріп,
сый-сыяпат беріп отырған. Мысалы, Кағб ибн Зухайр
«Бәнәт суаду» деп аталатын өлеңін Пайғамбарымызға
оқығанда, ол кісі ерекше толқып, үстіндегі «бүрдә» деп
аталатын шапанын шешіп, Зухайрдың иығына жапқан
еді. Осыған орай әлгі өлең «Қәсидәтул-бүрдә» деген
атпен танымал болып, одан кейінгі Пайғамбарымызға
арнап өлең жазғандарға әсер еткен. «Алтын ғасырда»
Пайғамбарымызды мадақтаған өлеңдердің арасында
әлі күнге дейін мұсылмандардың арасында кең тараған,
сүйіспеншілікке толы туынды – «Тәләал-Бәдру аләйнә»
деп басталатын өлең-жыр.
Міне, мұсылмандар арасында мәуліт оқыту
«алтын ғасырдағы» «шуараун-нәби», яғни «Пайғамбар
ақындары» деп аталған Кағб ибн Зухайр, Хассан ибн
Сәбит, Абдуллаһ ибн Рауахалардың Пайғамбарымызды
мадақтауы әрі Пайғамбарымыздың оларға қарсылық
білдірмеуімен үйлесуде
118
.
117
М. Ибн Әләуий, Хәуләл-ихтифәл би-зикрал-мәулидин-
нәбәуииш-шәриф, 28-29-б.
118
М. Хуб, 166-б.