Previous Page  107 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 107 / 200 Next Page
Page Background

107

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Иса әл-Хумәйри осыған қатысты: «Егер

хазірет Иса материалдық нығметтердің жауып,

қарындар тойдырылған күнді мейрам деп алса,

Пайғамбарымыздың жарық дүниеге келуі (мәуліт) –

мұсылмандар үшін Аллаһ тағаланың ең ұлық сыйы.

Олай болса, неге осы мәулітті қуаныш әрі шаттық күні

деп белгілемеске»

112

, – дейді.

6. «Дүйсенбі күні жаһаннам азабының

азайтылуы»

Бұхарида Уруа ибн Зүбәйрден риуаят етілген

мына оқиға мәуліттің қасиеттілігі мен атап өтуге

болатындығына дәлел. Әбу Ләһаб қайтыс болғаннан

соң, оны жақындарының бірі (Пайғамбарымыздың

көкесі Аббас) түсінде көреді де, одан: «Жағдайың

қалай?» – деп сұрайды. Әбу Ләһаб: «Жаһаннамдамын.

Алайда әр дүйсенбі күні кешке жаһаннам оты

маған азайтылады, саусақтарымның арасынан бас

бармағымдай көлемде су ішемін», – дейді де, мұның

себебін «Мұхаммед дүниеге келген күні қуанып,

сүйінші сұраған күңім Суәйбаны азат еткен едім. Әлгі

күңім оны емізген еді», – деп түсіндіреді

113

.

Осыған қатысты Хафыз Шәмсуддин Мухаммед На-

сируддин әд-Димашқи «Мәуридус-сәди фи мәулидил-

Һәди» атты кітабын мына мағынаға саятын өлең

жолдарымен аяқтаған екен: «Егер Құранда «қолдары

құрысын!» деп қарғысқа ұшыраған әрі жаһаннамда

мәңгі қалатыны айтылған кәпір Әбу Ләһәб, риуаят бой-

ынша, хазірет Мұхаммед (с.а.с.) дүниеге келген күніне

112

Иса әл-Хумәйри, Булуғул-мәмулдан алынған. Қараңыз: М.

Хуб, Илк нурун догушу, 149-б.

113

Бұхари, Никах, 20; Бәйхақи, Сунәнул-кубра, 7/162