101
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
алған еңбектің жазушысы, әр ағымның көзқарастарын
жеке-жеке қарастырып, кітап пен сүннеттің аясында егжей-
тегжейлі жауаптар беріп оларды жоққа шығарған. Сосын
Әбу Сайд әл-Хұдриден (р.а.) мына сөзді риуаят еткен:
«Расулуллаһтың (с.а.у.) сахабаларыкөзге ұқсайды; көздің
дәрісі, оған тимеу керек».
Ибн Уәһб былай деген:
«Мәлік ибн Әнәстің қасында сүннетті талқылап жатқан
болатынбыз. Мәлік, «Сүннет Нұхтың (а.с.) кемесіне
ұқсайды; оған мінген адам құтылады, мінбеген адам суға
батып, тұншығады» деді».
Кітаптың басында Шафиден алған сөзді, Әбу Нуайым,
Хумейдиден былайша келтіреді:
«Мысырда жүрген едім. Мұхаммед ибн Ыдрыс әш-
Шафи, Расулуллаһтың (с.а.у.) бір хадисін риуаят етті. Бір
адам: «Ей, Әбу Абдиллаһ! Сен мына хадисті қабыл етесің
бе?» деп сұрағанда, Шафи: «Сен мені Христиан деп ойлап
тұрмысың? Әлде сен менің шіркеуден шыққанымды яки
беліме зүннар тағып жүргенімді көрдің бе? Расулуллаһтың
хадисі тұрғанда, менің көзқарасымның қандай маңызы бар»
деп қарсылық білдіреді.
384
Раби ибнСүлеймен айтады: «Бір адамШафиден бір хадис
жайлы сұрады. Шафи, хадистің сахих екендігін айтса да әлгі:
«Сен қалай ойлайсың?» дегенде Шафи қатты ашуланып:
«Елшіден хадис риуаят етіп, өзім оған қарсы шығатын
болсам, менқандайаспанкүмбезініңастында көлеңкелеймін,
қандай жерді паналаймын?» деп жауап қатты».
385
Тағы да Раби ибн Сүлейменнен алынған риуаятқа
қарағанда Шафи, бір хадис айтады. Бір адам: «Сен мұны
384. Әбу Нуайым, а.а.ә. ІХ, 107.
385. Әбу Нуайым, а.а.ә. ІХ, 106.