Previous Page  96 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 96 / 110 Next Page
Page Background

96

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

сай қылған адам, һәм бір жағынан адал тамақ жеуді

әдетке айналдырған болса, көрегенділігі оны қателіктен

қорғайды».

362

Әбул-Аббас Ахмет ибн Сәһл ибн Ата әл-Әдәми

(ө. 309/921); «Кімде-кім нәпсісін сүннеттің әдебімен

жүргізсе, Аллаһ Тағала оның жүрегін мағрифат нұрымен

нұрландырады. Хабибуллаһтың барша амал-әрекеттеріне

сай амал етуден асқан мақам жоқ» деген.

363

ӘбуХамза әл-Бағдадидің (ө. 289/901) былай деп айтқаны

риуаят етілген:

«Кімде-кім хақ жолын білсе, оған кіруі оңай болады. Хақ

жолды білу, тек қана Расулуллаһтың (с.а.у.) сөздеріне, амал-

әрекеттеріне сай жүру арқылы мүмкін болмақ».

364

Әбу Исхақ Ибраһим ибн Дәуіт әр-Раққи, (ө. ?)

365

«Аллаһ

Тағаланы жақсы көрудің белгісі, Оған мойынсұнуды барша

нәрседен жоғары тұту әрі Елшісінің ізімен жүру», дейді.

366

Әбу Бәкір әт-Тамәстани (ө. 340/951), «Жол өте ашық.

Кітап пен сүннет алдымызда тұр. Расулуллаһқа жолдас

болып, онымен бірге һижрет еткендіктері үшін сахабаның

дәрежесі де белгілі. Кімде-кім осы кітап пен сүннетке

дос болып, нәпсінен әрі халықтан алшақтап, жүрегімен

Аллаһқа һижрет ететін болса, сөзі мен өзі түзеліп, амалдары

реттеледі»,

367

деген.

СопылардыңбіріӘбул-Қасымән-Насрабади (ө. 367/977)

болса былай деген:

«Сопылықтың негізі, кітап пен сүннетке берік болу,

бос нәрселер мен бидғаттарды тәрк ету, шейхтарға құрмет

362. Кушейри, а.а.ә. 112 б.

363. Кушейри, а.а.ә. 116 б.

364. Кушейри, а.а.ә. 118 б.

365. Баспадағы нұсқада, «әд-Дукки» деп келген. (аудармашы).

366. Кушейри, а.а.ә. 120 б.

367. Кушейри, а.а.ә. 13 б.