93
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Уәки болса былай деген:
«Кімде-кімнің өзін нәпсілік қалаулардан алшақтатандай
дәрежеде хадистерден хабардар болуы ол үшін үлкен
табыс».
348
Ахмет ибн Синан мына бір оқиғаны жеткізеді:
«Уәлид әл-Кәрабиси маған нағашы болып келетін. Ол
дүние салар алдын ұлдарына, «Сендер кәлам білімін менен
артық білетін адамды танисыңдар ма?» деп сұрады. Ұлдары
«Жоқ, танымаймыз», деді. Кәрабиси сөзін жалғастырып,
«Жарайды, мен жайлы жаман ойлайсыңдар ма?» деп
сұрады. Ұлдары «жоқ» деді. Кәрабиси «Олай болса сендерге
өсиет айтсам қабылдайсыңдар ма?» деді. Ұлдары «Әрине,
қабылдаймыз» дегенде, Кәрабиси «Сендер хадисші
ғалымдарға еріңдер. Өйткені мен, әрдайым олардың
шындыққа сай жүргендерін көрдім» деді».
349
Ахмет ибн Ханбал Қатаданың мына сөзін риуаят еткен:
«Уаллаһи, кімде-кім Елшінің сүннетінен бет бұрса
міндетті түрде құрып кетеді. Сендерге сүннетпен жүріп,
бидғаттардан сақтануды әрі фиқһты үйреніп, күмәнді
нәрселерден алшақ жүруді өсиет етемін».
350
Хаким Абдуррахман ибн Әбзаның мына сөзін риуаят
еткен:
«Мұсылмандар хазірет Османға қарсы шыққанда Убәй
ибн Қағбтан, мына бүліктен қалай құтыла алатындығы-
мызды сұрадым. Ол былай жауап берді:
«Аллаһтың кітабы мен Елшісінің сүннеті арқылы құтыла
аламыз. Кітап пен сүннеттің ашық әрі түсінікті сөздерімен
амал етіңдер. Түсіне алмаған мәселелеріңді ғалымдардан
сұраңдар».
351
348. Хатиб, а.а.ә. 6 б.
349. Хатиб, а.а.ә. 56 б; Тариху Бағдад ХІІІ, 441.
350. Ахмет ибн Ханбал, Зүһд.
351. Хаикм, әл-Мүстадрак ІІІ, 303.