Previous Page  90 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 90 / 110 Next Page
Page Background

90

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

жаттаса қиямет күні оған шапағат етемін».

328

Хазірет Алиден (р.а.) риуаят етілгеніне қарағанда

Расулуллаһ (с.а.у.) былай деген:

«Менің, асхабымның әрі менен алдынғы пайғамбарлар-

дың халифаларын сендерге айтайым ба? Олар Аллаһтың

разылығы үшін Құранды және менің хадистерімді

жаттағандар».

329

Хазірет Али (р.а.): «Құранда негізі айтылмаған ешқандай

білім жоқ. Алайда адамның танымы сол білімді түсінуге

шамасы жетпейді»

330

деген.

Жүнәйд былай деген:

«Расулуллаһтан алынған хадистерге сай амал етіп, оның

ізімен жүргендерден басқаларға, Аллаһқа баратын жол

жабық. Аллаһ Тағала

«Сендер үшін Аллаһтың Елшісінде

көркем өнегелер бар»

331

деген».

332

Абдуррахман ибнМәһди (ө. 198/813) сүннеттің маңызын

былай білдірген:

«Адамның хадиске мұқтаждығы, ішіп-жейтін тамағың-

нан да артық. Өйткені хадис, Құранды тәпсірлейді».

333

Бір сахабадан риуаят етілгеніне қарағанда Расулуллаһ

(с.а.у.) былай деген:

«Үмбетімнің соңында бір топ келеді, оларға өздерінен

бұрын өткендер сияқты сауап беріледі. Олар жамандыққа

қарсы тұрып, бүлік шығарғандармен соғысады».

334

Ибраһим ибн Мұса «ол қандай топ?» деп сұрағанда,

«Расулуллаһ (с.а.у.) былай істеңдер, былай істеңдер» деген,

328. Хатиб, а.а.ә. 20 б; ибн Абдилбәрр, а.а.ә. 78 б.

329. Хатиб, а.а.ә. 32 б.

330. Қай жерден алынғаны табылмады.

331. Ахзап сүресі, 21-аят.

332. Әбу Нуайым, Хилятул-әулия Х, 257; Хатиб, әл-Фақиһ І, 150.

333. Әбу Нуайым, а.а.ә. ІХ, 4; Хатиб, Тариху Бағдад ІІ, 186.

334. Ахмет ибн Ханбал ІҮ, 62; Ү, 375; Фәсәуи, а.а.ә. І, 535; Бәйхақи, Дәлаил ҮІ,

513.