88
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Әбуд-Дәрдадан риуаят етілгеніне қарағанда, Расулуллаһ
(с.а.у.) былай деген:
«Сүннеттің жойылып кетуіне қатты
алаңдап, хадис үшін таңертең үйінен шығып үйіне қайта
оралған адам, Аллаһ жолында жиһад ету үшін таңертең
үйінен шығып үйіне оралған адам сияқты. Егер бұлай
істемейтін болса, оларға Аллаһтың періштелердің әрі барша
адамдардың қарғысы болсын!»
.
319
Муғаз ибн Жәбәл (р.а.) Расулуллаһтың (с.а.у.):
«Үмбетімнің арасынан бидғаттар шығып, асхабтарымды
балағаттай бастаған кезде, ғалымдар оқыған білімдерін
ортаға қойып оларға қарсы шықсын. Егер бұлай істемейтін
болса, оларға Аллаһтың, періштелердің әрі барша адам
баласының қарғысы болсын!»
320
деп айтқанын риуаят еткен.
Уәлид ибн Мүслимнен, осы хадистегі «білімін ортаға қою
деген сөздің қандай мағынаға келетіндігі?» сұралғанда:
«Сүннетті түсіндіріп, ортаға қою» деп жауап берген.
321
Қырық хадис жаттаудың артықшылығы
Әбу Һұрайрадан риуаят етілгеніне қарағанда Расулуллаһ
(с.а.у.) былай деген:
«Үмбетімнің ішінен дін мәселесінде пайдаланылатын 40
хадис жаттаған адам, қиямет күнінде ғалымдармен бірге
тіріледі»
.
322
Осы хадис басқа бір риуаятта, Расулуллаһтың сүннетінен
40хадисжаттағандарқияметтеелшілерменбіргетірілетіндігі
білдірілген. Осы мәселеде Бәра ибн Азибден (р.а.) келген
басқа бір хадиске қарағанда, Расулуллаһ былай деген:
319. Қай жерден алынғаны табылмады
320. Шатиби, әл-Иғтисам, І, 58.
321. Шатиби, а.а.ә. І, 58.
322. Рамәһүрмүзи, а.а.ә. 173 б; Хатиб, Шәрәфу асхабил-хадис 19-20 б; ибн
Хажәр, әл-Мәталибул-алия ІІІ, 133.