83
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
мешіттен шығып кетеді» деп айтқанын жеткізді. Әлгі адам,
бауырларының «Харра» деген жерде күтіп тұрғандығын
айтып жүріп кетті. Осы оқиғаны аузынан тастамай айтып
жүрген Сайд, кейіннен әлгі адамның жолда көлігінен құлап
жамбасының сынғандығы жайлы хабар алды.
283
Бұхари, Әбу Зәрден (р.а.) былай деп риуаят еткен:
«Мына мойныма қылышты тақасаңдар, мен де қылышпен
басым кесілмей тұрып, Расулуллаһтан (с.а.у.) естіген бір
сөзді жеткізбегендігімді есіме түсірсем, міндетті түрде сол
сөзді жеткіземін».
284
Бишр ибн Абдуллаһ былай деген:
«Бір ғана хадисті есту үшін қандайда бір өлкеге баруым
керек болса, міндетті түрде барамын».
285
Бір күні Сайд ибн Жүбәйір Расулуллаһтан бір хадис
жеткізгенде бір адам; «Құранда бұған қайшы келетін аят
бар» деді. Сонда Сайд «Жоқ, жоқ. Байқаймын, мен саған
Расулуллаһтың хадисін айтып жатырмын, сен болсаң оны
Құранға салып тұрсың. Расулуллаһ Аллаһтың кітабын сенен
жақсы біледі» деді.
286
Осы риуаяттар Даримидің Мүснадынан алынған.
287
Лалекайдың Китабус-сүннә деген еңбегінде жазылған
әрі сүннеттің маңыздылығын білдіретін хабарлардың
бағзылары төмендегідей:
Убәй ибн Қағб (р.а.), «Байсалды түрде сүннеттен берік
ұстану, сүннетке қайшы келетін мәселеде босқа тер төгуден
әлдеқайда жақсы» деген.
288
Әбуд-Дәрдадан да осыған ұқсас
283. Дарими, Муқаддимә 40.
284. Бұхари, Илм 10; Дарими, Муқаддимә 46.
285. Дарими, Муқаддимә 47.
286. Дарими, Муқаддимә 49.
287. Даримидің Сүнәнінің ішінде мүрсәл, мұнқатиғ және муғдал хадистердің
орын алуы, айрықша сахабалардың аттарына қарай реттелгендіктен
«Мүснад» деп те аталған. Қараңыз. Кәттани, әр-Рисалә 74 б.
288. Фәсәуи, а.а.ә. ІІІ, 487; Лалекай, а.а.ә. І, 45; Хәйсами, а.а.ә. І, 173; ибн