78
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
қарағанда, Расулуллаһтан ілгері уақытта ортаға шығатын
бірақ кітап пен сүннетте шешімі жоқ бір мәселенің қалай
шешілетіндігі жайлы сұралғанда, «Білімнің талабына қарай
өмір сүрген мүміндер, оның шарасын табады» деп жауап
берген.
260
Хазірет Омар былай деген:
«Алдағы уақытта алуан түрлі мағынаға келетін/
мүташабиһ аяттарға сүйене отырып, сендермен таласқа
түсетін адамдар пайда болады. Сендер де оларға сүннет
бойынша жауап беріңдер. Өйткені сүннетті жетік білетін
ғалымдар, Аллаһтың кітабын жақсы біледі».
261
Лаләкай (ө. 418/1027) әс-Сүннә атты кітабында хазірет
Алиден (р.а.) алынған осыған ұқсас мына сөзді риуаят
еткен:
«Сендермен тартысатын бір топ адамдар пайда
болады. Оларға сүннетті қарсы қойыңдар. Өйткені сүннет
ғалымдары, Аллаһтың кітабын жақсы біледі».
262
Ибн Сад мына жайтты айтып берген:
Хазірет Али ибнАббасты харижиттерге жіберіп, мынадай
тәлім береді:
«Оларға барып, пікірлерінің қате екендігін түсіндір.
Бірақ олармен тартысқанда Құрандағы емес, сүннеттегі
дәлелдерден пайдалан. Өйткені Құранға түрлі жорамал
жасауға болады».
263
Бұл жайт, басқа бір жолмен былай келген:
Ибн Аббас хазірет Алиге «Ей, мүміндердің әміршісі!
Мен үйлерімізде түскен Құранды олардан жақсы білемін»
дегенде хазірет Али, «Дұрыс айтасың; дегенмен Құран
біздің де олардың да алға тартатын көптеген мағыналарға
260. Дарими, Муқаддимә 17; Хәрәуи, Зәммул-кәлам І, 108.
261. Дарими, Муқаддимә 17; Хәрәуи, Зәммул-кәлам І, 108.
262. Лалекай, Шәрһу Усули итиқади әһлис-сүннә І, 123; Хәрәуи, а.а.ә. І, 108.
263. Лалекай, а.а.ә. І, 123.