Previous Page  73 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 73 / 110 Next Page
Page Background

73

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

отырған ғайри-мүслимдердің (мұсылман еместер) мал-

мүліктерін орынсыз тартып алуларыңа рұқсат бермеймін.

Араларыңнан орындығына шалқайып отырып алып;

«Аллаһтың кітабында адал деп айтылғандар адал, арам деп

айтылғандарды арам деп қабылдаймыз» деп айтатындар

шығады. Алайда мына жайтты естен шығармаңдар, бізбен

келісім-шарт жүргізген адамдардың малдарын орынсыз

жеуді арам қыламын» деді».

237

Әбу Сайд әл-Худри де, Расулуллаһтың «Отырып алып,

Расулуллаһ мұндай нәрсе айтпаған» деп менің сөзімді

өтірікке шығаратын бір топ адамдар шығады», деп айтқанын

риуаят еткен.

238

Әбу Хазым, Сәһл ибн Сад әс-Сайдиге қатысты мынадай

бір жайтты айтып берген:

Сәһл бір мәжілісте Расулуллаһтан алған хадистерін

айтып жатқанда сол жерде отырғандардың бағзылары бір-

бірлерімен өзара әңгіме дүкен құрады. Сәһл бұған қатты

ашуланадыда«Мыналардықара!МеноларғаРасулуллаһтың

хадистерін айтсам, олар өзара әңгімелесіп отыр. Қараңдар!

Егер осылай жалғастыра берсеңдер, уаллаһи енді қайтып

бұл жерге аяқ баспайтын боламын» деді. Мен «қайда

кетесің?» деп сұрағанымда «Барып, Аллаһтың жолында

жиһад қыламын» деп жауап берді.

239

Ибн Аббастан риуаят етілгеніне қарағанда Расулуллаһ

былай деген:

«Кімде-кім Құран жайлы білмей өзінше әңгіме

айтатын болса, қиямет күні оттан бір ауыздық салынған

күйде алып келінеді»

.

240

Ендігі бір риуаятта ибн Аббас, Расулуллаһтың былай

деп айтқанын жеткізген; «Аллаһтың жер бетіндегі сұлтанын

237. Табарани, әл-Кәбир ІҮ, 131; Хәйсами, а.а.ә. І, 151.

238. Хәрәуи, Зәммул-кәлам ІІ, 141.

239. Табарани, а.а.ә. ІҮ, 130; Хәйсами, а.а.ә. І, 155.

240. Әбу Яғла, а.а.ә. ІҮ, 458; Хәйсами, а.а.ә. І, 163.