69
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
санамаймын» деп жауап қайырды.
219
Дәретсіз күйде хадис айтуғамәжбүрболғанАмәш, Дирара
ибнМұрраның (ө. 132/749) «Сахабалар дәретсіз күйде хадис
айтуды ұнатпайтын» деп айтқанын риуаят еткен.
220
Қатада, Расулуллаһтың (с.а.у.) хадистерін дәретпен
оқытуды сауапты іске жатқызған; Бишр ибн әл-Харис
те (ө. 229/843-844) ибнул-Мүбарактың жолда кетіп бара
жатқанда хадис жайлы сұрақ сұраған адамға, «Бұл білімге
құрметсіздік» деп айтқанын риуаят еткен.
221
Басқа бір риуаятқа қарағанда ибнул-Мүбарак мына бір
таңқаларлық оқиғаны айтып берген екен:
«Хадис дәрістерінің бірінде Имам Мәліктің жанында тұр
едім. Бір кезде бір шаян келіп Имам Мәліктің 16 жерінен
шағып алды. Бірақ Мәлік жүзі қызарып бөріткенімен сабыр
етті; сонда да хадисті жарым-жарты қалдырмай тамамдады.
Дәрс бітіп, оқушылар тарап кеткеннен кейін одан «Жүзің бір
түрлі бұзылып тұр ғой» деп сұрағанда, «Иә, Расулуллаһтың
хадисіне құрмет көрсету мақсатымен осылай сабыр еттім»
деп жауап берді.
222
Хадистердіңжазылуы
Абдуллаһ ибн Амр (ө. 65/684), «Жаттап алу мақсатымен
Расулуллаһтың (с.а.у.) аузынан естіген барлық нәрсені
жазатынмын. Құрайыштықтар «Расулуллаһтан естігеніңнің
барлығын жазып жүрсің. Дегенмен ол бір пенде ғой; ол
сөйлегенде кейде қуанышты кейде өкпелі болуы мүмкін
ғой» деп хадисті жазғаныма қарсышықты. Мен осыдан кейін
жазуды тоқтаттым. Кейіннен осы жағдайды Расулуллаһқа
219. Бәйхақи, а.а.ә. 391 б; Хатиб, Жамиғ І, 409; Фәсәуи І, 409.
220. Бәйхақи, а.а.ә. 393 б.
221. Бәйхақи, а.а.ә. 393 б.
222. Бәйхақи, а.а.ә. 394 б.