Previous Page  66 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 66 / 110 Next Page
Page Background

66

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

көзқарасынан алшақтап кетпеймін. Алайда мәселеИбраһим,

Шағби, ибнСирин, Хасан, Ата, ибнул-Мүсәйяб сияқтыларға

келгенде, олардың ижтихад еткеніндей мен де ижтихад

етемін» деп айтқан» деді.

203

Рабидің риуаятына қарағанда Шафи, бір күні бір хадис

риуаят етті. Қасындағылардың біреуі «Ей, Әбу Абдуллаһ!

Сен осы хадисті қабыл етесің бе?» деп сұрағанда Шафи,

«Расулуллаһтан сахих хадис риуаят етілгенде оны

қабылдамасам, мені ақылынан адасқан деп біліңдер» деді.

204

Тағы да Шафи, «Егер кітабымда сүннетке қайшы келетін

бір нәрсе тапсаңдар менің айтқаныма емес, Расулуллаһтың

сүннетіне құлақ асыңдар» деген.

205

Мүжаһид,

«Егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа,

пайғамбарға ұсыныңдар»

206

деген аяттағы «Аллаһқа

және пайғамбарға» деген сөзді, «Аллаһтың кітабына және

Пайғамбардың сүннетіне» деп тәпсірлеген.

207

Әбу Зәрр Расулуллаһтың оларға жақсылыққа шақырып,

жамандықтан тыюды және де сүннетті үйретуден аянып

қалмаңдар деп үгіттегендігін айтқан.

208

Хазірет Омар

да «Құранды үйренгеніміз сияқты сүннеттерді, фарайз

(мұрагерлік білімін) бен мәнерлеп оқуды да үйреніңдер»

деген.

209

Ибн Мәсғуд былай деген:

«Ей, адамдар! Білім жоғалмай тұрып оны үйреніп

алыңдар. Өйткені білімнің жоқ болуы деген, ғалымдардың

өлуі дегенді білдіреді. Бидғатқа беріліп, бір-бірлеріңмен

тартысудан сақтаныңдар. Расулуллаһты (с.а.у.) және

сахабаларын үлгі тұтыңдар. Өйткені ақырзаманда бұл

203. Бәйһаки, а.а.ә. 37 б.

204. Бәйхақи, а.а.ә. 205 б; Хатиб, а.а.ә. І, 388.

205. Бәйхақи, а.а.ә. 205 б.

206. Ниса сүресі, 59-аят.

207. Бәйхақи, а.а.ә. 215 б; Хатиб, әл-Фақиһ І, 376, 469.

208. Дарими, Муқаддимә 46; Ахмет ибн Ханбал Ү, 165; Бәйхақи, а.а.ә. 258 б.

209. Бәйхақи, а.а.ә. 267 б; ибн Абдилбәрр, а.а.ә. 457 б.