Previous Page  65 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 65 / 110 Next Page
Page Background

65

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Мәлік бұған байланысты Расулуллаһтың (с.а.у.) былай-

былай дегенін айтты.

Әлгі адам Мәлікке «Сен не дейсің бұған?» деп сұрағанда

Мәлік,

«оның әміріне қарсы келгендер, өздеріне бір

апат жетуінен немесе жан түршігерлік азап келуінен

сақтансын»

,

198

деген аятты оқыды.

199

Ибн Уәһбтің (ө. 197/812) риуаятына қарағанда Мәлік,

Сәләф ғалымдарына берген пәтуаларына байланысты «Не

үшін бұлай пәтуа бердің?» деп сұралмайтын. Өйткені олар,

ол мәселе жайлы айтылған хадисті жеткілікті деп санап,

шыққан шешімге разы болатын» деген.

200

Исхақ ибн Иса, Мәлік ибн Әнәстің дін мәселесінде

қажетсіз тартысқа кіруді ұнатпайтынын әрі былай деп

айтқанын риуаят еткен:

«Бір-бірімен асып түсетін айтып-тартысатындарды

көргенде, Жәбірейілдің (а.с.) Елшіге (с.а.у.) алып келген

негіздерді іштей тәрк ету сезімі бір сәт билеп алатын.

201

Ибнул-Мүбарак та, «Сүйенерің сүннет болсын. Хадис-

терге түсініктеме беріп тұрған пікірлерді де ал» деген.

202

Яхя ибн Турайс (ө. 203/818) Суфян әс-Сәуридің бір

адаммен былай деп әңгімелескенін айтып береді:

Бір адам Суфянға келіп, «Әбу Ханифаны не үшін

сынадың?» деді. Суфян «Жарайды, оның мына сөзі орынды

ма? «Бір мәселенің үкімі үшін алдымен Аллаһтың кітабына,

ол жерде болмаса Расулуллаһтың сүннетіне, екеуінде де

болмаса сахабалардың ішінен қалағанымның көзқарасын

аламын, қаламағанымды алмаймын; бірақ сонда да олардың

198. Нұр сүресі, 63-аят.

199. Бәйхақи, а.а.ә. 201 б; Хатиб, әл-Фаққиһ І, 379; ибн Хазм, а.а.ә. ҮІ, 56.

200. Бәйхақи, а.а.ә. 201 б.

201. Бәйхақи, а.а.е, 201 б.

202. Бәйхақи, а.а.ә. 202 б; Хатиб, әл-Фақиһ ІІ, 346; ибн Абдилбәрр, а.а.ә. 480 б;

Қади Ияд, а.а.ә. 37 б.