Previous Page  67 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 67 / 110 Next Page
Page Background

67

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

үмбеттің ішінен неше түрлі топтар ортаға шығады. Олар

адамдарды Аллаһтың кітабына шақырып жатырмыз деп

ойлайды; бірақ өздері оны бір шетке ысырып қойып, тәрк

етеді».

210

Хадиспен айналысудың маңызы

Сүлеймен әт-Тәйми мына оқиғаны айтып берген:

«Мен, Әбу Осман, Әбу Надра, Әбу Мижләз және Халид

әл-Әшәж барлығымыз хадис пен сүннеттің мәселесін

талқылап жатқан болатынбыз. Жолдастарымыздың біреуі

мұның орнына Құран оқудың әлдеқайда пайдалы екендігін

айтқанда Әбу Надра, Әбу Сайд әл-Хұдридің «Хадисті

талқылау, Құран оқудан артық» деген сөзін еске салды».

211

Әбу Сайдтың бұл сөзі, Шафидің «Білім алу, нәпіл намаз

оқудан әлдеқайда артық»,

212

деген сөзіне ұқсайды. Өйткені

Құран оқу, нәпіл құлшылыққа жатады; хадис жаттау болса

парыз-кифая.

Хадис үйренудің маңыздылығы жайлы Сүфян әс-Сәури,

«Шынайы ниетті адам үшін хадис үйренуден маңызды

амал бар деп ойламаймын» деген.

213

Ибнул-Мүбарактың да

«Аллаһ Тағала разылығы үшін хадис үйренген адам үшін

одан қайырлы амал жоқ» деп айтқандығы риуаят етілген.

214

Хаммад ибн Зәйд

215

Расулуллаһтың хабарына құрмет

көрсетудің Аллаһтың кітабына құрмет көрсету болып

210. Бәйхақи, а.а.ә. 272 б; Дарими, Муқаддимә 19; Абдурраззақ, а.а.ә. ІІ, 252;

Табарани, әл-Кәбир ІХ, 189.

211. Рамәһүрмүзи, әл-Мухаддисул-фасыл 29 б; Бәйхақи, а.а.ә. 306-307.

212. Бәйхақи, а.а.ә. 310 б; Хатиб,Шәрәфу асхабил-хадис 113 б; ибн Абдилбәрр,

Жамиғ 51.

213. Бәйхақи, а.а.ә. 309 б; Хатиб, а.а.ә. 81; ибн Абдилбәрр, а.а.ә. 52 б.

214. Бәйхақи, а.а.ә. 309 б.

215. Аудармадағы негізгі нұсқада Халид ибн Язид деп жазылса да Бәйхақидің

Мәдхалында жоғарыдағыдай жазылған.