71
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
еткен: «Расулуллаһ «Аллаһым! Менің халифаларыма
мейірім көрсет» дұға қылғанда, «Уа Аллаһтың Елшісі! Сенің
халифаларың кімдер?» дедік. Ол «Менен кейін хадистерімді
риуаят етіп, адамдарға үйреткендер» деп жауап берді».
228
Әбу Нуайымның (ө. 430/1039) Ибн Аббастан алған
риуаятына қарағанда Расулуллаһ (с.а.у.) былай деген;
«Кімде-кім менің сүннетімді жандандыратын болса яки бір
бидғатты жоятын хадисімді үмбетіме жеткізетін болса, ол
адам жұмақтық».
229
Расулуллаһ айтты деп
жалған хадис айту
Хазірет Әбу Бәкірден (р.а.) риуаят етілгеніне қарағанда
ардақты Пайғамбар былай бұйырған:
«Кімде-кім менің атыммен әдейі жалған хадис айтса
немесе бір әмірімді қабылдамаса, тозақтағы үйіне кіруге
дайын болсын»
.
230
Зәйд ибн Әркам былай деген:
«Убайдуллаһ ибн Зияд маған хабар жіберді. Қасына
бардым. Маған «Сен Расулуллаһ йтты деп, адамдарға
жұмақта хауыз берілітіндігі уәде етілген деген хадис айтып
жүр екенсің. Бұл Құранда жоқ қой. Мұны қайдан шығарып
жүрсің?» деп сұрағанда, мен хауызға байланысты хадистерді
Расулуллаһ бізге жеткізгендігін айттым».
231
Салманнан
232
риуаят етілгеніне қарағанда Расулуллаһ
(с.а.у.) былай деген:
228. Табарани, әл-Әусат ҮІ, 395; Хәйсәми, Мәжмауз-зәуайд І, 126; Муттақи,
Кәнзул-уммал 29167; Әлбани, әд-Даифә ІІ, 247.
229. Әбу Нуайым, Хилятул-әулия Х, 44; Хатиб, Шәрәфу асхабил-хадис 80 б.
230. Әбу Яғла, Мүснад І, 75; Табарани, әл-Әусат ІІ, 400.
231. Ахмет ибн Ханбал ІҮ, 367; Бәззар, Кәшфул-әстар І, 117; Табарани, әл-
Кәбир Ү, 204; Хаким, а.а.ә. І, 77.
232. Аудармада негізге алынған нұсқада Сүләми деп жазылған. (аудармашы).