Previous Page  75 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 75 / 110 Next Page
Page Background

75

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

«Арафатта ибн Омармен бірге едік. Ол жерден

Мүздалифаға бірге түстік. Арафат пен Мүздалифаның

арасында Мәғзиман деген тар өткелде ибн Омар түйесін

шөктірді; біз де шөктірдік. Біз намаз оқитын шығар деп

ойладық. Бірақ түйесініңноқтасынұстапжүргенқызметшісі,

намаз оқу үшін емес, Расулуллаһ (с.а.у.) Арафаттан түскенде

осы жерге дәрет сындыратындығы есіне түскендіктен сол

жерге дәрет сындырмақ болғанын айтты».

246

Тағы да ибн Омар Мекке мен Мадинаның арасындағы

бір ағаштың қасына келгенде көлеңкесіне жатып түскі

ұйқыны ұйықтап алатын. Ол Елшіміз осылай істейтін еді

деп айтатын.

247

Зәйд ибн Әсламның риуаятына қарағанда ибн Омар

«Елшінің жағасындағы түймелердің ағытулы екенін көрдім»

деп жағасындағы түймелерін ағытып жүретін.

248

Аллаһ лағнеттегенжеті топ

Амр ибн Шағуаннан риуаят етілгеніне қарағанда

Расулуллаһ (с.а.у.) былай деген:

«Мен мына жеті адамды лағнеттедім. Елшінің дұғасы

қабыл болады».

1- Аллаһтың кітабына бір нәрсе қосқан

2- Аллаһтың тағдырын өтірікке шығарған

3- Аллаһтың арам қылғанын адал деп санағандар

4- Аллаһтың әһлі бәйтім (әулетім) жайында арам

қылғанын адал деп санаған

5- Сүннетімді тәрк еткен

6- Олжалардың жақсысын таңдап өзіне бөліп алған

7- Аллаһтың құрметті қылғанын масқаралаған, масқара-

246. Хәйсами, а.а.ә. І, 174.

247. Хәйсами, а.а.ә. І, 175; Кәшфул-әстар І, 81.

248. Әбу Яғла, а.а.ә. Х, 14; Хәйсами, а.а.ә. І, 80; Ибн Хүзайме, а.а.ә. І, 382; Ха-

ким, а.а.ә. І, 250; Бәйхақи, Сүнән ІІ, 240; Хәйсами, а.а.ә. І, 175.